Басты бет Жаңалықтар Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сәрсенбі, 6 маусым күні қалыптасатын метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 6 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

©Еgemen.kz

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Талдықорған, Теміртау, Шымкент қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version