Санчестің айтуынша, тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр және келісімге келсе, жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Алайда бапкер кездесудің қайда өтетінін нақтыламады.
«Олар келіссөздер жүргізіп жатыр, келісімге келеді деген үміттемін. Біз бұл жекпе-жекті көргіміз келеді. Оның Пакьяо мен Мейвезердің жекпе-жегі сияқты болғанын қаламаймын, бірақ бәрі командаларға тәуелді. Егер бірдеңе болса, меніңше, маған хабарын береді. Том Леффлер мен Геннадий көп кездеседі, мүмкіндік туса, 17 қыркүйекте біз ұлы жекпе-жек көреміз», — деді Санчес.
Еске салайық, осыған дейін Альварес WBC белбеуінен бас тартқан еді, титул Головкинге берілді. Алайда мексикалық қазақстандықпен жекпе-жекке шығуға тырысып жүр.