Астанада 21-24 маусым аралығында бессайыстан Әлем кубогі өтеді

«20 жылдық мерейтойға орай Астана биыл заманауи бессайыс бойынша «UIPM — 2018» Әлем кубогінің финалын өткізетін болады. 21-24 маусым аралығында өтетін Әлем кубогінде семсерлесушілер «Сарыарқа» велотрегінің базасында бас жүлдені сарапқа салса, «Барыс арена» спорт кешенінің жүзу бассейнінде суға жүзушілер өзара бақ сынайды. Ал «Қазанат» атшабарында атпен кедергілерден өтетін мамандар мен лазеррандар (ату және жүгіру) өзінің дағдысын паш етпек. Финалға әлемнің ең үздік спортшыларының тізіміне енген 36 ер және 36 әйел спортшы келе жатыр. Сонымен бірге, әлемнің 25 елінен шетелдік меймандар келеді деп күтілуде», — дейді Раухан Тоғымбаева.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы спортшыларының қоржынында заманауи бессайыс бойынша Азия чемпионатының алтын медалі, жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс медалі, UIPM Әлем кубогінің финалының қола жүлдесі мен Азия чемпионатының күміс медалі бар. Айта кетерлігі, Қазақстан тарихында заманауи бессайыстан ел абыройын қорғаған мықты спортшылар баршылық. Атап айтқанда, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында Александр Парыгин Қазақстанның қоржынына алтын медаль салып берген болатын.

Қазіргі бессайыс — Олимпиада ойындарының бағдарламасы үшін арнайы әзірленген спорттың түрі. Оның негізін қалаушы — Барон Пьер де Кубертен. 1913 жылы Кубертеннің бастамасымен аталған спорт түрі Олимпиада ойындарына енізілген.

Қазіргі бессайыс — спорттық көпсайыстың бір түрі. Оның бағдарламасына спорттың бірнеше түрлері, атап айтқанда атпен кедергілерден өту (конкур), семсерлесу, пистолетпен ату (25 метрден), еркін жүзу (300 м), жеңіл атлетикалық кросс (4000 м) енеді.

Қазақстан спортшыларының қатарынан аталған сайысқа 4 спорты қатысқалы отыр. Олардың үшеуі Әлем кубогіне жолдама алған. Төртінші жолдама — Қазақстан құрамасына бессайыс Астанада өткізіліп жатқандықтан беріліп отыр.

 

Бессайыс
©inform.kz
Бессайыс
©inform.kz
Дереккөзkazinform.kz