Бұқар жырау туралы «Көмекей әулие» атты фильм түсіріледі

«Бұқар жырау туралы картина облыс әкімінің қолдауымен түсіріледі. Фильмнің алғашқы түсірілімдері осы жылдың 6 маусымында Бұқар жырау ауданында басталады. Ол жерде Бұқар жырау кесенесі бар. Біз Бұқар жыраудың бүкіл өмірін қамтитын 50 минуттық деректі-көркем фильмді дайындап жатырмыз», — дейді фильмнің продюссері Жәнібек Садықанов.

Туынды 10 эпизодтан тұрады. Сценарий авторы журналист Әшімхан Жампейісов пен тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев. Картинаның жетекшісі қарағандылық режиссер Қаршыға Игенов. Фильмнің сюжеті Бұқар жыраудың шынайы өмірі мен Қазақ хандығының он сегізінші ғасырындағы өмірін қамтитын болады.

«Фильм толығымен тарихи фактілерден тұрады. Әлбетте, көркемдік пайымға да орын табылады. Бірақ, біздің басты мақсатымыз — сапалы фильмді дайындап шығару. Қазіргі таңда барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Басты рөлге екі үміткер бар. Олардың екеуі де танымал халық әртістері. Қазіргі таңда біз Бұқар жыраудың жас кезін сомдайтын актерды іздестіріп жатырмыз», — дейді Жәнібек Садықанов.

Фильмнің түсіріліміне «Arman films» киностудиясымен бірге «Сарыарқа» облыстық телеарнасы кіріскелі отыр. Түсірілім жұмыстары екі айдың көлемінде Ұлытау мен шет аудандарында жүргізілетін болады. Фильмнің тұсаукесері қыркүйек айында өтеді.

Фильмді қолға алғандардың айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстанда Бұқар жырау туралы фильм түсірілмеген.

Дереккөзkazinform.kz