Астана — Вильнюс. Жаңа рейс туралы не білу қажет?

«Астана-Вильнюс» әуе рейсі ашылды. Аптасына екі рет — жексенбі және бейсенбі күндері ұшатын ұшақтың алғашқы рейсі 27 мамырда «SCAT» әуекомпаниясының ұшағымен жасалды.

Астана - Вильнюс
©Көрнекі фото

Қазақстан мен Литва арасындағы тікелей туризмді дамытуға көмектесетін рейстің ұшу уақыты — 4 сағат 40 минут. Айта кететіні, 27 мамыр күні «Астана-Вильнюс» бағытындағы ұшаққа 140 жолаушы отырды. Бұл алғашқы рейс үшін өте жақсы көрсеткіш.

«SCAT» әуекомпаниясы АҚ-ның қоғаммен байланыс бойынша бөлімнің басшысы Виктория Старожилованың айтуы бойынша, Астана-Вильнюс-Астана бағыты бойынша ең төменгі тариф 200 евроны құрайды. 

Естеріңізге сала кетсек, жаңа әуе қатынасы бойынша келіссөздер екі жыл бұрын басталған еді.

Литва тамылжыған табиғатымен танымал

Литва — үш Балтық мемлекетінің ең оңтүстігінде орналасқан, солтүстік Еуропадағы ел. Литваның жері Шығыс Еуропа жазығында, Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағасына қарай, Нямунас (Неман) өзенінің орта және төменгі ағысы алабында орналасқан. Вильнюс – Литваның астанасы, ол барокко стиліндегі ғимараттарымен әйгілі.

Литвада курортты қалалар көп. Ірі қалаларында 500 мыңға жуық тұрғын болса, шағын шаһарларда 20 мыңның төңірегінде халық тұрады. Курортты аймақтарымен танымал елдің басты байлығы — минералды суы, қарағайлы орманы мен балшығы табиғи ем. Мысалы, Друскининкай қаласы тамылжыған табиғатымен танымал. Жанға шипа іздегендер көбіне осы жерге табан тірейді екен. Әлемдегі үздік 5 жабық шаңғы базасының бірі де осында орналасқан.

Астана - Вильнюс
Тракай, Литва ©Көрнекі фото

Енді сізде таза теңіз самалы, ертегідей кең байтақ жері, тарихи және сәулет тұғырлары мен көне ескерткіштер қорымы бар, Балтық теңізінің маңына жақын орналасқан елдің сұлулығынан ләззат алатын бірегей мүмкіндік пайда болды.

Бұл орайда халықаралық туроператор SBS travel қазақстандық туроператор  Favor Tour-мен бірге Қазақстан мен Литва арасындағы шипажай туризмінің дамуына мүмкіндік береді. Favor Tour компаниясы Қазақстандағы литвалық курорттардың өкілі екендігін атап өткен жөн.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!