Хабарланып отырғандай, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сарайшық көшесінің Тұран даңғылымен қиылысындағы жол (Комсомольский кентінің бағытында), сонымен бірге Тұран даңғылының жергілікті өту бөлігіндегі Ұлбике ақын көшесімен қиылысындағы жол осы жылдың 3 маусымнан бастап, 3 шілдеге дейін жабылады.
«Тұран даңғылы бойынша өту мүмкіндігін арттыру үшін «Бас Лайн» жолағы екі жақтан да уақытша алынып тасталады да, барлық жолақ бойынша ортақ қозғалыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ Тұран даңғылынан Мәриям Жагорқызы көшесіне апаратын сол жақ бұрылысқа тыйым салынып, осы көшеден Тұран даңғылына шығу аталған даңғылдың жергілікті өткелі арқылы жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.
Астана қалалық ІІД қала тұрғындары мен меймандарына қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлап, ол жоспарға Тұран даңғылының жабық участогын қоспауды сұрайды.