Бүгін — Байқоңыр ғарыш айлағының күні

Байқоңыр күні

Бүгін Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. Осыдан 62 жыл бұрын 1955 жылғы 2 маусымда КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының директивасымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұйымдастыру-штаттық құрылымы бекітілген болатын.

Содан бері, 2 маусымда Байқоңыр қаласының туған күні және ғарыш айлағының күні тойланады.

Дұрыс тамақтану күні

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық дұрыс тамақтану және артық астан бас тарту күні. Бұл мереке ресми емес америкалық Eat What You Want Day мерекесінежауап ретінде пайда болды. Eat What You Want Day — тәулік бойы диетаны ұмытып не қаласа соның бәрін жеу күні саналады. Ал бүгінгі мерекенің негізгі міндеті — тамақтану мәдениетіне қалың жұртшылықтың назарын аудару.

 

ДереккөзInform.kz