Басты бет Жаңалықтар 2 маусым: ауа райы құбылмалы болады

2 маусым: ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін Қазақстанның көп жерлерінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады.

Жамбыл облысының басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысында да түнде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20 метр болмақ.

Ақмола, Павлодар облыстарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал күндіз басым бөлігінде 15-20 метр болады

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version