Басты бет Жаңалықтар Қызылордада менингит ауруына шалдыққан азамат тіркелді

Қызылордада менингит ауруына шалдыққан азамат тіркелді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококк инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Қатерлі дертке шалдыққан 1991 жылы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. 

Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Аталмыш жағдайға байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы штаб құрылды. Мамандар эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыруда.

«Науқаспен тығыз қарым — қатынаста болған 11 азамат анықталды. Қазір бұл кісілер дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа және тамшы арқылы таралатыны белгілі. Осы ретте, тұрғындар сақтық шараларына мән бергені дұрыс. Алдағы уақытта вакцинация жұмыстары атқарылатын болады», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version