«Дипломмен ауылға» бағдарламасын тоқтпауымыз керек. Ауылдан бәрібір қалаға көшу бар, оны тоқтата алмайсың. Урбанизация бүкіл әлемде жүріп жатыр, бізде де болады. Егер оған мамандық беріп туған ауылына бекітіп, жұмысының бастапқы кезеңінде назар аударатын болсақ, онда бой үйретіп, жұмыс істейтін болады», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Осы ретте Елбасы жастардың ауылда еңбек етуіне жағдай жасауда «Нұр Отан» жан-жақты жұмыстар жүргізуі қажеттігін баса айтты.
«Нұрланған Отан жасаймыз деп атын қойдық қой. Отан дегеніміз — елің, жерің, отбасың, бала-шағаң. «Нұр Отан» отаншылдардың партиясы, Отанын сүйгендердің партиясы. «Отанын сүйгендер — әрбір өз азаматын сүйгендер» деп санау қажет. Біз осындай болуымыз керек. Бірінші дәрежедегі ұйымдарымыз, аудандарда, қалаларда, облыстарда бар. Оларға дұрыс адамдарды қойып, жұмыс істете білуіміз керек. Орталықтан жүргізіп жатқан мәселелер, біздің қабылдап отырған бағдарламаларымыздың барлығы қарапайым адамдар үшін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.