SOS балалар қалашығы елімізде Астана, Алматы, Теміртау қалаларында ғана бар. Алматыдағы қалашық 1997 жылы Сара Алпысқызының бастамасымен ашылған. Бұнда он үй бар. Әр үйде бір-бір SOS-ана тұрады. Ол кәдімгі аналар сияқты, тәулік бойы балалардың қасында болады, тәрбиесімен айналысады. Қарапайым отбасы сияқты үйдің тірлігін бірігіп істейді.

Қазір мұнда барлығы 42 бала тәрбиеленіп жатыр. Олар — жетім және ана-ана қамқорлығынан айырылған балалар. Оларды бұнда білім басқармасы жолдамамен жібереді. Былтыр қаладағы №2 балалар үйі жабылып, сол жерден он алты бала ауысып келген.

Балалар орталығы
Балалар қалашығы ©Айгүл Хожантаева
c77a70e4934994702f4c9ee83cb5f1e8 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Балалар қалашығында ойнап жүрген балалар ©Айгүл Хожантаева

Бізді мұнда отбасын қолдау орталығының үйлестірушісі Назира Бақытнұрқызы қарсы алды. Қалашықпен, ондағы қызметкерлермен таныстырды.

ff0f625a483e2b38aa452ea4edaa5b70 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Назира Бақытнұрқызы қалашықтпен таныстырып жүр ©Айгүл Хожантаева

«Бұндағы балалар кәдімгі мектепке барады. Сыныптастарының көбі олардың осындай қалашықта тәрбиеленіп жатқандарын білмейді. Толыққанды отбасынан екен деп ойлайды. Балалар SOS-ананың тәрбиесіне жас ерекшелігіне, ұлтына қарап емес, психологиясына, болмысына қарап беріледі. Қай анаға қай баланы беру керек екенін, қай балалардың бірге сыйысып тұра алатынын психологтар анықтайды. Негізінен, жұмысқа жалғызбасты әйелдер қабылданады. Дегенмен қазір бір жалғызбасты ана мен бір ерлі-зайыпты отбасы тұрып жатыр»,-деді ол бізді Шынар Хамзинаның үйіне ертіп бара жатып.

a10286f93ad51dc88f229dd45f90cf09 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Алматы балалар қалашығы ©Айгүл Хожантаева

Қалашықта бір қыз үйінің ауласын тазалап жүрді. Амандасқанда сондай сыпайы, ісіне тыңғылықты екені көрініп тұр. Артынан белгілі болғандай, діттеген үйіміз осы екен. Ал сыпыртқы ұстаған қыз — үйдің үлкені Виктория екен.

5d4c273a0ca39339e7ef6117a6db1ce2 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Алматы балалар қалашығы ©Айгүл Хожантаева

«Үйіміз осы. Маған қойылған талап: балаларға отбасылық жағдай жасау. Бұл жерде әр ананың тәрбиесіне бес-алты баладан беріледі. Оларды жасына, ұлтына қарап бөлмейміз. Бастысы отбасылық жылуды, бақытты сезіндіргіміз келеді»,- деді бізді қарсы алған Шынар апай үйін аралатып жүріп.

49aa82f82af1e3f3c8297e06f6ff4aca SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
SOS-ана Шынар Хамзина ©Айгүл Хожантаева

Үйде ұлдар мен қыздардың бөлмелері, жуынатын жерлері бөлек екен. Жаттығуға арналған құралдар бар.

4a0d0655743419f5f71032e8eb566bc4 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Владислав жаттығу жасап жатыр ©Айгүл Хожантаева

«Қазір үш балам бар. Владиславым төрт жаста, Илонам 13 жаста, Викториям он алтыда. Балаларымның бәрі жақсы. Сабақты төрт пен беске оқиды. Қыздарым қолөнермен шұғылданады, түрлі кестелерді тігеді.

d4dc494a576531a68ef062098e7de4cb SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Илона мен Виканың кестесі ©Айгүл Хожантаева

Илонам биге қатысады. Викам балалар комитетінің төрайымы.

f8870e4c4b851e7ddc906849f0694da8 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

Екеуі де қоғамдық жұмыстарға белсенді. Дегенмен, сабақтарын бірінші орынға қояды. Менің талабым сондай: ең бірінші — тәртіп, одан кейін сабақ».

bdd513e77e55c3a5e0a2f8aefe6d01fb SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Вика мен Илона ©Айгүл Хожантаева

Шынар апай тәрбиеге бірінші көңіл бөлетіні үйге кірген бетте көзге түседі. Сондай жинақы. Әр зат өз орнында тұр. Қабырғада түрлі кестелер, суреттер, күн тәртібі, ережелер ілінген.

b2f52af77239f1ccc2f36986cfafb684 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Балалардың үйірмеге баратын уақыттары ©Айгүл Хожантаева

«Бұл жерде балаларға жетіспейтін бір-ақ нәрсе бар: ата-ананың махаббаты, аялы алақаны. Басқа жағдайдың бәрі жасалған. Мұннан жаман бала шығуы мүмкін емес. Себебі олардың тәрбиесіне жауапты болғандықтан, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді, сыйластықты үйретеміз. Балаларды алаламаймыз. Мейлі ақ, мейлі қара болсын, біз үшін бәрі бірдей. Бәріміз бір дастарханнан тамақ ішіп, бір нанды бөліп жеп отырмыз, бір есіктен кіріп-шығамыз, осы жерде тағдырымызды тоғыстырған екен. Енді соған мойынсұнып, одан тек жақсылығын алып қалуға бейімдейміз».

0da10763f78ac2dc3d8f1ca7ae221f45 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Шынар апай балаларымен ©Айгүл Хожантаева

Шынар апай SOS балалар қалашығында бес жылдан бері жұмыс істейді. Сол уақыт ішінде 17 бала тәрбиелепті. Алты баласын патронаттық тәрбиеге берген. Бес баласын туған ата-анасымен табыстырған. Екі баласы студент.

c804aeffc26268c4992f10fd63d83e4f SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Шынар апайдың тәрбиесінен шыққан балалар ©Айгүл Хожантаева

«Бес жылдың ішінде 17 бала тәрбиелеппін. Әрине, барлығы бірдей емес. Әрқайсы өзінше жеке тұлға, өзіндік мінезі, таным-түйсігі бар. Осында келген күнімнен бастап, балалармен шынайы қарым-қатынастамыз. Келіспеушілік, ренжіп қалу деген барлық отбасында болады. Бірақ балаларым, Құдайға шүкір, тентек емес. «Бала берсең, сана бер» деген ғой, менің балаларымның бәрі саналы. Жайлап түсіндірсең, бәрін ұғады».

4fecba29c6da469e0c33b2ad21346412 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Шынар апай ұлы Владиславпен ©Айгүл Хожантаева

Шынар апай балалардың тәрбиесіне қалашықтың барлық ұжымы жауапты екенін айтады. Мұнда психолог та, педагог та, педиатор да, репетитор да бар.

7fca39ab67f1ca89ebf271484dd83f1e SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Вика ©Айгүл Хожантаева

«Бір жағдай болса, психологпен сөйлесіп, кеңес аламын. Балаларымның сабақ үлгерімі төмендеп кетсе, педагогымен сөйлесемін. Ата-аналар жиналысына барамын. Репетитор шақыртып, бірге жұмыс істейміз. Денсаулығына байланысты бірдеңе болса, өзіміздің педиаторымыз бар, №5 поликлиникамен де байланыстамыз. Әр алты ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұрамыз»,- дейді ол.

9de3a5b29cb365b75068064dc9a7d134 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Қыздар қоғамдық жұмысқа белсене араласады ©Айгүл Хожантаева

Бұл үйдің балалары «Ақпыз, қара, сарымыз – ағайынбыз бәріміз» деген ұстаныммен өсіп келеді. Бір шаңырақта әзірбайжан да, орыс та, қазақ та тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

f0252e744883d53abb04bc3489f18d22 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Қалашықта өткен Наурыз мейрамы ©Айгүл Хожантаева

«Өзім мұсылман болсам да, балаларымның бәрін мұсылмандыққа тәрбиелеймін деп айта алмаймын. Баланы қабылдаған кезде, оның сеніміне сыйластықпен қараймыз. Діни мейрамдарын атап өтеміз. Өткенде Пасха мерекесінде де балаларыммен білгенімізше атап өттік. Себебі оларды түп тамырынан ажырата алмаймын. Өздерінің кім екенін, қай ұлттың баласы екенін білулері керек. Оларға мен қазақ әйелмін, сен де қазақ болуың керек десем, надандық болар еді».

d00b1df29a3ae42f6c64bdae94bb84d7 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

Осылайша бір-бірінің таңдауына, сеніміне сыйластықпен қарайтын жанұяның өздеріне ғана тән кішігірім дәстүрлері бар. Әр айдың 17-сі күні отбасылық кеңес өткізіп тұрады. Оған Шынар апайдың тәрбиесінен шыққан барлық балалар жиналады.

«Оны не үшін өткіземін? Балалар бұл қалашықта 18 жасқа дейін ғана тұра алады. Одан кейін үлкен өмірге араласып кетуі керек. Сол өмірге дайындағым келеді. Сол үшін отбасылық кеңеске есейіп кеткен балаларымды да шақырамын. Олар кішкентайларға өздерінің тәжірибелерін, көрген-білгендерін айтып береді. «Жүзу білмеген балық мұхитты аңсапты» дегендей, мына жердегі жағдайға әбден үйренген бала ертең қоғамға шыққанда қол-аяғы байлаулы адамдай күй кешеді. Адаммен сөйлесуді, этика-эстетиканы білмесе, жабылған күйі ашылмай қалады».

8324290003b2d58735c861711950c823 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Шынар Хамзина ©Айгүл Хожантаева

Бұл қалашықтағы SOS-аналарға демалыс беріліп тұрады. Ол күндері қалаға шығып, туысқандарына барып, шаруаларын тындыруға болады. Шынар апай сондай демалысын балаларымен бірге өткізеді.

b65f21c3efdb21afc99b260373d83909 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

«Бұл жердің ережесі бойынша туған күнді үйде атап өту керек болатын. Біз ол стереотипті бұздық. Өзім он ағайындымын. Әкем туған күнімізде не қалайтынымызды, қалай өткізгіміз келетінін өзімізден сұрайтын. Мен де ұядан көргенімді балаларыма істеймін. Туған күн иесінің қалауын сұрап, соны орындаймыз. Үлкен балаларым болса, билейтін жерлерде жасаймыз. Өйткені олар өскенде бәрібір сондай жерлерге барып көреді. Сол уақытта шалыс басып кетпеуі үшін осы бастан ондай жерлердің бар екенін көрсетіп, ондағы жақсы мен жаманның не екенін үйретуіміз керек.

f8ecbe20b88d83a3bc724e29cdf0149e SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Балалардың суреттері ©Айгүл Хожантаева

Біз бала 16-ға толғанда оны қалыптасты, ары қарай шешімді өзі қабылдайды, өз өміріне өзі жауапты деп ойлаймыз. Қателесеміз. Өйткені нағыз өмір 16-21 жас аралығындағы бес жылда болады. Сол кезде біздің қолдауымыз оларға ауадай қажет. Ал кішкентай балаларымның туған күнін, көбінесе, «Қағанат» асханасының вип-залдарында өткіземіз. Басшысы бізге жеңілдіктер берген. Сонда аниматорлар шақырамыз. Қаражат жоқ деп отырсаң отыра бересің, жоқтан барды жасау — біздің міндетіміз».

7c93ad12a0e7c8dafa0ff5003e0647db SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Владислав ©Айгүл Хожантаева

Шынар апай әр демалысында демалу мен ақша жаратуды ғана емес, балаларын қоғамға бейімдеуді ойлайды. «Бұл ақшаның көптігінен шашу емес. Бала бөгде адамдармен араласуды, олармен бір дастархан басында тамақтануды білуі тиіс»,-дейді ол.

Шынында да, кейде жұмыс барысымен түрлі шараларға барамыз, басқосуларда боламыз. Сонда дастарханда өзін қалай ұстауды білмейтін адамдарды көреміз. Бәрінің жақыны Шынар апайдай болса ғой деп ойладық… Ол туған анасы болмаса да, балаларымен етене араласады. Бірге ойнайды. Еркелетеді. Сырласады. Үйретеді.

c3d764ae09b4620482930b4e341fe798 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Шынар Хамзина мен Владислав ©Айгүл Хожантаева

«Қыздарымды «Доня», «Дося» деп, ұлдарымды «Еркек» деп ерекелетіп, арқасынан қағып отырамын. Викам мектеп бітірген соң, психолог болғысы келеді. Илонам дизайнер боламын деп жүр. Владик кім болатынын шешкен жоқ. Әзірге робот, суперқаһарман боламын деп жүр 🙂 Кішкентай ғой. Он жасқа толғанда нақты мақсатын айқындап береміз. Себебі адамда нақты мақсат болмаса, мына заманда жұтылып кетеді. Ертең былай істей саламын, ол болмаса, анау бар деп жүре беруге болмайды».

6cf00500a8becac7ed7277dd97c3aef9 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Шынар Хамзина мен Владислав ©Айгүл Хожантаева

SOS балалар қалашығынан соңғы жылда жеті баланы асырап алған. Сонымен бірге бірнеше бала патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатыр.

4bd6678fd687ed932c0240c22e06c173 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Қалашықтағы спорт жарысынан ©Айгүл Хожантаева

«Отбасына кеткен балаларыммен үш айда бір рет кездесіп тұрамыз. Ол кездесуді «Семейный дом» деп атадық. Шыны керек, баланы асырап алған соң, сырт көзге бәрі жақсы болып көрінуі мүмкін. Бірақ балада 3-5 жыл бойы бейімделеді, іштей толқиды, жаңа отбасының тәртіптеріне үйрене алмайды. Сол кезде ата-ана да, бала да қиналып қалмауы үшін бірігіп жұмыс істейміз.

SOS балалар орталығы
Балалардың қолынан шыққан туындылар ©Айгүл Хожантаева
SOS балалар орталығы
Балалардың ойыншықтары ©Айгүл Хожантаева

Туған күндерін ұмытпаймыз. Қалашықтағы әртүрлі іс-шараларға шақырып тұрамыз. Одан бөлек, сенбі-жексенбі күндері асырап алушы ата-аналар клубы жұмыс істейді. Онда психологтар мен педагогтар ата-аналармен сөйлеседі. Бізде баласын тастап кеткен ата-анаға өкпелеп, есікті жауып алып, кіргізбей қою деген жоқ. Іздеп келсе, кездестіреміз. Керісінше, оларды қайта табыстыруға талпынамыз».

f19e0fa2c643c892931c4cd34d1d9a4e SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Қалашықта 10 жыл қызмет еткен аналарға берілетін жүзік  ©Айгүл Хожантаева

Қалашықта балалар 18 жасқа толғанға дейін тұра алады. Ары қарай үлкен өмірге қадам басады.

2dcca041e12265bbb52e90d2fefcd37f SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

«Ал балалар 16 жасқа толған соң, колледжге оқуға жібереміз. Оларды жастар саясаты өз қамқорлығына алып, психологиялық және қаржылай қолдау көрсетеді. Бала ақшасын өзі жаратып, ай сайын есебін беріп отырады. Сонымен бірге балаларға мемлекет тарапынан үй беріледі. Қазіргі таңда балаларымыздың 70%-і үймен қамтылған. Олар Саялы, Алғабас аудандарында тұрып жатыр. 39 баламыз өз отбасын құрды. Оларда 17 бала тәрбиеленіп жатыр»,- дейді отбасын колдау орталығынын үйлестірушісі Назира Бақытнұрқызы.

3923a93177e4b985c733b1da59e58f4f SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Балалардың қолдан жасаған сыйлықтары ©Айгүл Хожантаева
a7a690506d14c7b5e2900311be4876ec SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Балалардың қолынан шыққан туындылар ©Айгүл Хожантаева

Назира Бақытнұрқызының айтуынша, бұл жерде балаларды түрлі қиыншылықтардан, зорлық-зомбылықтан қорғау үшін «Бала құқығын қорғау саясаты» деген құжат бар. Балалар мен аналар оны жылына екі рет оқып тұрады.

f394ce919c6d5169a57675fb5bbe2127 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Қалашық әкімшілігі ©Айгүл Хожантаева

Сонымен бірге «Сенім адамы», төрт адамнан тұратын балалар құқығын қорғау тобы бар. Арыз-шағымдар жазуға арналған арнайы жәшіктер бар. Оны мамандар аптасына екі рет ашып тұрады екен.

561baa87cf11a450d909686f27e56ee9 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Сенім жәшігі ©Айгүл Хожантаева

Бүгінгі таңда SOS балалар қалашығында екі жоба қолға алынған. Бұнда балаларды тәрбиелеумен бірге жетімдіктің алдын алу шаралары да жасалады. Ол үшін отбасын қолдау орталығы құрылған. Онда бала асырап алғысы келетіндер, асырап алған ата-аналар келеді. Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған, барар жер, басар тауы жоқ ата-аналарға арналған «Асар» жобасы бар.

332f839f2120e1939c6500f57fad86e1 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
«Асар» орталығы ©Айгүл Хожантаева

Жоба бойынша, 2-10 жасар балалары бар аналар алты айға дейін осы қалашықтағы үйлерге орналастырылады.

bb83ef5907917777a534ea900d136f9e SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Түрлі іс-шаралар өтетін зал ©Айгүл Хожантаева

Осы уақыт ішінде анасын түрлі курстардан өткізіп, жұмысқа орналастырады.

8dd26e398b3c99dc89dbfababf42711b SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

Алты ай ішінде өз-өзін қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткенде, шығарып, ары қарай тағы алты ай бақылауда ұстайды.

ac1df8df986227c0650cf57912a87127 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

«Біз мемлекеттік мекеме емеспіз, балалардың киімі мен тамағына ғана ақша бөлінеді.

c53411ef92cf13ee2df5f721a66826dc SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Психологиялық қалыпқа келтіру бөлмесі ©Айгүл Хожантаева

Қалғанының бәрі демеушілердің арқасында іске асып жатыр. Дегенмен балалардың жағдайы жасалған.

3dbf1f136f993021f1a6c16c607591d1 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Психологиялық қалыпқа келтіру бөлмесі ©Айгүл Хожантаева

Оларға материалдық көмекке қарағанда, рухани көмек көбірек қажет. Сырттан келіп сөйлесіп, сырласып тұратын, дос болып араласатын еріктілер болса, жақсы болар еді. Оларды психологтарымыз таңдап, арнайы дәрістер өткізеді. Ал басқа материалдық жағдайларды «Самұрық-Қазына», «Дегдар» қоры, ERG қорлары жасап беріп жатыр»,-дейді үйлестіруші.

1d60ec9ea17c91730c32243718dbea71 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
Қалашық демеушілері ©Айгүл Хожантаева

Айта кетейік, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған қалашық салуды Герман Гмайнер деген педагог бастаған екен.

6c1e4057190afe4c4982e8c2b249bbe2 SOS қалашығы: Балалар үйі жабылғанда тәрбиеленушілер қайда кетеді?
©Айгүл Хожантаева

Ол бар жиған-тергенін сатып, Австрияда тұңғыш балалар қалашығын салдыртқан. Бүгінде əлемде 450-ден астам осындай қалашық бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!