Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жаңартылатын...

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласын дамытудың бірінші бағдарламасын қабылдауы мүмкін

Саммиттің мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға «иә» және «қарсы» екендерін талқылау,  сондай-ақ біздің болашақ «жасыл» елімізді және бүкіл әлемдік қауымдастықты құруға үлес қосуға арналған таңдаулы идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру.

Қазақстаннан және Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, БАӘ, Армения, Әзірбайжаннан келген 20-дан астам спикерлер өз баяндамалары мен іс-шараға деген пікірлерін ұсынады. Олардың қатарында мемлекеттік қайраткерлер, кәсіпкерлер, нобельдік лауреаттар, медиа-индустрияның өкілдері және ғылым докторлары бар.

Саммиттің жұмыс қорытындылары бойынша ұйымдастырушылар технологиялық, қаржылық, әкімшілік және өзге де нарыққа қажетті ресурстарды өзінде қамтитын, бүгінгі таңда жоқ саланы дамытудың кең ауқымды мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы туралы бірыңғай пікірге келуді көздеп отыр.

Сонымен қатар Жоба Қазақстанға жаңартылатын энергия көздері саласындағы технологиялардың халықаралық әзірлеушілерін, инвесторларын және өнім берушілерін, сондай-ақ қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу үшін бүкіл әлемнің жетекші мамандарын тартудың стратегиялық міндетін шешеді.

Саммиттің жұмысына:

  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев
  • Қазақстандағы Shell бөлімшесінің басшысы Оливьер Лазар
  • Қазақстандағы Конрад Аденауэр қорының басшысы Томас Хелм
  • Әлемнің Нобель сыйлығының лауреаты, Азия және Тынық мұхиты Экономикалық және әлеуметтік комиссиясын (ЭСКАТО) дамыту және қоршаған орта департаментінің директоры Рае Квон Чунг
  • Әлемнің Нобель сыйлығының лауреаты, Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік форумның президенті доктор Раджендра Кумар Пачаури
  • Күн энергиясы жаһандық кеңесінің төрағасы, Үндістанның күн энергиясының ұлттық федерациясының негізін қалаушы Пранав Р. Мехта
  • ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов
  • «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» ҰАҚ басшысыРапиль Жошыбаев
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры Айдар Қазыбаев
  • «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов
  • «Болашақ энергиясы» ЮСАИД жобасының басшысыАрмен Арзуманян
  • Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың атқарушы директорының орынбасары Айдын Төребаев
  • «Бурное Солар-1» ЖШС бас директоры Нұрлан Қапенов
  • AREC жаңартылатын энергия көздері жөніндегі Араб комиссиясының бас хатшысы Мұхаммед Әл Тани
  • Bloomberg New Energy Finance (BNEF) жаңартылатын энергия көздері жөніндегі маманы Ханьянг Вэй
  • ҚР Энергетикамині жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов
  • Hochschule Hannover университетінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі профессоры, доктор Анника Шах
  • Бизнес-ақпараттық жүйелердің профессоры, доктор Дагмара Мак
  • Атом энергетикасы жөніндегі инженер, MBA Донато Аззароне
  • Циттаудағы Дрезден техникалық университетіндегі Қоршаған орта басқармасы, жалпы іскерлік әкімшілендіру басқармасының профессоры, Құрметті доктор Маттиас Крамер
  • ЕҚДБ Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша энергетика және табиғи ресурстар департаментінің жетекші банкирі Марат Елібаев
  • Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығының Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева
  • Әзірбайжанның ЖЭК жөніндегі агенттігінің басшысы Джамиль Маликов
  • «НоваВинд» АҚ бас директорының орынбасарыЕгор Гринкевич
  • «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры Марлен Ізбасханов
  • CARER компаниялар тобының директорыЕрнар Біләлов
  • «GRATAзаң фирмасы» ЖШС серіктесі Шаймерден Чиканаев
  • Азия Даму Банкі өкілдігінің директоры Джованни Капанелли
  • Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браун
  • «Бәйтерек» ҰБХ АҚ төрағасы Айдар Әріпханов қатысады.

 

Сондай-ақ Саммиттің оқиғаға толы бағдарламасы шеңберінде «Неміс студенттерінің көзқарасымен Қазақстанның жаңартылатын энергетикасының даму перспективалары» атты бірлескен қазақстандық-неміс зерттеуінің қорытындылары берілетін болады.

«Жасыл» экономиканы дамытуға қызығушылық танытып отырған компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым — Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы іс-шараның ұйымдастырушысы болып табылады.

Саммитті өткізу бастамасын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан Қазақстанның Үкіметі қолдап отыр. Қазақстан Республикасы Бірінші Елбасы -Ұлт көшбасшысының қоры Саммиттің тең ұйымдастырушысы болып табылады.

«Біз 2 жыл бұрын 2016 жылы Жаңартылатын энергия көздері бойынша бірінші саммитті өткіздік. Осы сала ел ауқымында ғана іске қосылғаны, тіркелген тарифтердің ескі жүйесі қолданылғаны, ұлттық валюта құнсызданып тұрғаны бәріміздің есімізде. 2 жыл өткен соң, 2018 жылы ахуал өте айқын әрі көп үміт күттіреді. Самитте біз Энергетика министрлігінің дәйекті көзінен барлық инвесторлар мен сала үшін маңызды — бұл ЖЭК-тің жаңа объектілері бойынша аукциондық сауда-саттықтардың өзгертілген жүйесін іске қосуға қатысты ақпаратты күтеміз. Сондай-ақ біз саланы қаржыландырылуын шешудің ұтымды жолдарын талқылайтын, үздік халықаралық тәжірибені зерттейтін боламыз. Саммиттің қорытындылары бойынша одан әрі дамыту мен алға жылжытудың нақты ұсыныстарымен декларация қабылданатын болады», — деп атап өтті ҚР Жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков.

Саммитке қатысуға тіркелу, сондай-ақ Саммит туралы толық ақпарат: www.resummit.kz ресми сайтынан аласыз.

Жаңартылатын энергия көздері бойынша 2-ші Саммиттің ресми серіктестері: Astana Convention Bureau, National Solar Energy Federation of India, Global Solar Council. «VIP Support» серіктесі — ХҒТО. Техникалық серіктес – «Конрад Аденауэр атындағы қор». Каталогтың серіктесі — Eurasian Resources Group. Тұран серіктесі – «Тұран» суы. «ЖЭК саласын қаржыландыру мәселелерін шешу» Үшінші сессиясының серіктесі — United Nations Development Programme. Серіктес-қонақүй – «Hilton Astana». Ақпараттық тағанның/«Lost Found» тағанының серіктесі — «МЭК Астана» компаниясы. Тіркейтін серіктес – CARER. «Жасыл ғаламшар саламыз» серіктесі — «УАҚЫП» қазақстандық қоры. «Welcome кофе-брейка» серіктесі — USAID. Ланъярдтар серіктесі – First Wind Power Station. Ресми коммуникациялық серіктес – Action Media.