Шымкентте жол ережесін сақтамаған азаматтар қатаң жазаланады

«Мен ауруханаға барып, зардап шеккен жастарды көріп бауырым езіліп кетті. Қаза тапқан жас бала ертең бір үйдің отағасысы атанар еді. Өкініштісі, автокөлік жүргізушісінің «тұрпайы» көлік тізгіндеуінен, заң талаптарын орындамауынан мерт болды. Сондықтан қаладағы жол қауіпсіздігі бойынша күрделі реттеу жұмыстары жүргізіледі. Азаматтарымыз мұнан былай мерт бола бермеуі керек», — деді.

Жол апаттары жиі орын алатын орындарды толық зерделеп, жол белгілері, жасанды жол кедергілері, дабыл жолақтары, бағдаршамдар қажеттілігін анықтап, ОҚО әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөліміне ұсыныс енгізуін ескертті.

Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтардың хал-жағдайын сұраған шаһар басшысы автокөлік тізгіндеген шымкенттіктерді жол ережелерін сақтауға шақырып, қайғылы жағдайлардың орын алмауы үшін бірлесіп еңбек етейік деді.