Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында менингококктық инфекция жұқтырған 4 жағдай тіркелген

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Ахметованың айтуынша, қазір көз жұмған сәбидің мәйітіне сараптама жұмыстары жасалып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, балада ауру белгілері ерте білінгенімен,  қажетті ем жасалмаған.

 — Ата-ана дене қызуы көтерілген қыздарына өз бетінше ем жасап, дертті одан әрі асқындырып алған. Үйге шақырған «Жедел жәрдем» дәрігерлері де сәбиді ауруханға әкетпей, науқасқа тыныштандыратын екпе ғана салған. Сараптама қортындысынан кейін, науқастың өміріне немқұрайлы қараған дәрігерлерге шара қолданамыз, — деді Э.Ахметова.

 Өкіншке қарай, облыс дәрігерлері менингококк инфекциясына шалдыққан сәбидің өміріне араша тұра алмады. Ауруханаға  2 жастан асқан Айша Қабдолла есімді қыз бала ауыр жағдайда жеткізілді. Біздің дәрігерлер науқастан инфекциялық-токсикалық шок белгілерін анықтап, менингококк инфекциясына шалдығуы мүмкін деген диагноз қойды. Өкініштісі, біз сәбидің өмірін сақтап қала алмадық, — деді оқиғаға орай түсініктеме берген облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.

 Қазір облыс аумағында менингококк инфекциясының ошағын анықтау жүргізіліп, шетінеген сәбимен қарым-таныста болған адамдар бақылауға алынған. Сәби соңғы күндері ата-анасымен бірге Алакөл ауданының Көлбай ауылына қонаққа барған болатын.  Қазір баламен бір дастархан басына жиналған  адамдардың барлығына тексеру жасалуда. Ал менингококк инфекциясынан шетінеген қыздың ата-анасы облыстық инфекциялық аурулар дипансеріне жатқызылып, дәргерлердің қарауына алынды.