Басты бетЖаңалықтарСәуір айында...

Сәуір айында қазақстандықтар шетел валютасын 146,1 млрд теңгеге сатып алды

Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, негізгі көлем – 52,9% немесе 77,3 млрд теңге ресейлік рубльге жұмсалды. Долларға – 30,5% немесе 44,6 млрд теңге кетті. Ал еуро – ең аз сатып алынған валюта. Бар болғаны 15,8% немесе 23,1 млрд теңгеге алынды.

Өткен аймен салыстырғанда, осы шығындар 0,4% ұлғайды. Еуро мен ресейлік рубльді сатып алу 24,6% және 13,5% өсті, ал доллар сатып алуға, керісінше, 23,4% төмендеді.

2018 жылдың сәуірдегі валюта нарығында доллар курсы 319,24-330,88 теңге болды. Ал сәуір айының соңында 1 доллар 327,25 теңгені құрады.

Дереккөзbaq.kz