Павлодарда су патрулі пайда болды

Павлодардағы Ертіс өзенінде полицейлердің моторлы қайығы патруль жүргізетін болады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

©pavlodarnews.kz

Алғаш рет суға жіберілген полиция шағын кемесі GPS-навигатормен, белгі беретін дауыс зорайтқыш құралымен, жарықтың жылтылы және айырғыш белгілермен жабдықталған. «Windboal-47» моторлы қайығымен бес қызметкер бір мезетте кезекшілік атқара алады. Бүгінгі күні үш полиция қызметкері қайықты жүргізу бойынша курстан өтті.

Су патрулі Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің бастамасымен құрылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version