Басты бетМәдениет«Үзілмеген үміт»...

«Үзілмеген үміт» фильмі Халықаралық «Свет миру» кинофестивалінде бас жүлде алды

Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Tanaris Production» кинокомпаниясы түсірген. Режиссерлері: Серік Әбішев және Руслан Магомадов.

Картинаның түсіру тобымен бірлесіп мейірімге толы, адамдардың жүректеріне жылу ұялатып, көңілдерін нұрландыратын фильм түсіруге тырыстық», – дейді режиссер Серік Әбішев.

Фильмдегі басты рөлдерді Алматы және Алматы облысы балалар үйінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның балалары сомдады.

Естеріңізге сала кетсек, аталған фильм ең алғаш Германияда өткен алпыс төртінші Мангейм-Хайдельберг халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілген болатын. 2016 жылы фильмде басты рөлді сомдаған жас актер Амангелді Құсайынов Халықаралық «КиноМалыШок» кинофестивалінде «Үздік бала рөлі» жүлдесімен марапатталған.

Дереккөз24.kz