Басты бетАлматы облысында...

Алматы облысында алты шағын СЭС салынады

Онда баламалы қуат көзін өндіретін 4,2 мегаваттық кіші гидроэлектростанция бой көтерді. Ол өз кезегінде аймақтағы электр қуаты тапшылығын төмендетіп, суармалы жерлердің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

«Кіші энергетиканы дамытуда шағын ғана Басқан сияқты тау өзендерінің әлеуеті өте зор. Қазір мұнда қуаттылығы 4,2 мегаваттық кіші ГЭС салынып бітті. Онда әрқайсысы 1,4 мегаваттық 3 турбина қойылған. Ал өзеннің ағысы осындай бірнеше станция салуға мүмкіндік береді. Ол үшін 80 млн текше метр су сыятын су қоймасын салу керек»,-дейді ГЭС басқармасы штабының кезекшісі Әлімхан Баянбаев.

Еліміздегі тау өзендерінен алынатын электр энергиясы қорының 65 пайызы Алматы облысына тиесілі. Баламалы қуат көзін өндірудің аймақтық бағдарламасына сәйкес Жетісу жерінде 2025 жылға дейін 28 электр станциясы салынуы тиіс. Сол арқылы облыста 850 мегаватт электр қуаты өндірілетін болады.

Дереккөз24.kz