Беттің сол жағындағы жарнаманы оп-оңай өшіріп тастауға болады. Ол үшін бар болғаны «Вконтакте» интерфейсінің тілін ағылшыншаға өзгерту керек. Егер Шекспирдің тілі сіз үшін қиын болса, «Советский» деген бөлімді таңдаңыз. Жарнама өшіріледі.

2. Электронды поштаға хатты қалай жолдайды?

«ВКонтакте» желісіндегі бұл мүмкіндікті біреу білсе, бірі әлі естімеген болар. Хат жолдау үшін адресатқа email-ді жазыңыз. Хатқа жауап «жеке хаттар» бөліміне келіп түседі.

Как отправлять сообщения на электронную почту

3. «ВКонтактеде» тегін дауыстарды қалай жинайды?

Бұл қандай дауыс деп ойланып отырсаңыз, айтайық. «ВКонтактеде» дауыстар сыйлық беруге, стикерпактар сатып алуға және кейбір ойындарды ойнауға қажет. Қолданушылардың көбі дауыс жинаудың бір ғана жолы «ақша төлеп сатып алу» деп ойлайды. Бірақ олай емес.

Дауыстарды тегін алу үшін, баптау бөліміне өтіп, «Платежи и переводы» дегенді таңдау керек. «Пополнить баланс» түймесін бассаңыз, төлеу жүйесіне өтесіз. Бұл жерде «Специальные предложения» бөлімін таңдау керек.

бесплатные голоса ВК

Мұнда жарнама берушінің тапсырмалары шығады. Оның үстінен бассаңыз, тапсырманы қалай орындау керегі жазылады. Сәтті орындасаңыз, тегін дауыстар сіздікі.

Как получить голоса ВК бесплатно

4. Түсірілген экран суретін қалай жүктейді?

Кейде экранды суретін түсіріп, оны досыңызға жіберу қажет болады. Бұл да — оңай орындалатын процесс. Суретті жүктеу үшін PrtScr клавишіне басып, Ctrl + V командасын орындау керек.

Как прикрепить снимок экрана

5. Лентадағы жаңалықтарды қалай сұрыптауға болады?

Жаңалықтар лентасын өз қалауыңызша баптай аласыз. Кейбір ақпарат көздерінің жаңалықтарын мүлде шығартпауға болады. Жаңалықтарды сұрыптау үшін «Вконтактенің» басты бетінің оң жағында орналасқан баптауды таңдаңыз.

Как фильтровать новости в ленте

6. «ВКонтакте» боттарын қалай қолданады?

Боттар — автоматтандырылған әңгімелесушілер. Олар бірқатар тапсырмаларды орындай алады. QR-кодтарды оқиды, мәтіндерді аударады, микрофон жазбасындағы музыканы анықтай алады және т.б. пайдалы қызметтерді орындап береді. Боттардың қызметін қолдандығыңыз келсе, топтарды іздеу жүйесіне «бот» деп жазыңыз.боты «ВКонтакте»

7. Жолданған хатты қалай өңдеуге және өшіріп тастауға болады?

«Вконтактенің» бұл мүмкіндігін біреу білсе, біреу білмес. Жолданған хатты өңдей аласыз. Хаттың үстінен бассаңыз, қарандаш пайда болады. Соның көмегімен өңделген хаттың иконкасында «ред.» деп, яғни «өңделген» деп жазылып тұрады. Егер хаттың үстінен бассаңыз, жоғарыда пайда болған қоқыс жәшігін көресіз. Соны таңдау арқылы хатты екі жақтан да өшіріп тастауға болады.

Бірақ ескеріңіз, мұндай қызметтерді хат жөнелтілгеннен кейін 24 сағат ішінде ғана пайдалана аласыз.