Қызылорда облысының кей жерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-23 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола, Ақтөбе облыстарының, таңертең және күндіз Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерінде жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде дауыл болады.
Түнде Алматы және Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с соғады.