Қазақстанда 100 жүкті әйелдің 20-сының ғана дені сау

«Аналар денсаулығына байланысты аналар өлімі себептерінің құрылымында ауыр науқастары барының саны 60% құраған, яғни жүкті әйелдер денсаулығының индексі 20% құрайды, яғни 100 жүкті әйелдің 20-ның ғана дені сау», — дейді Ақтаева.

Бұл ретте ол 687 жүкті әйелде жүктілікке абсолютті қарсы көрсетілім барын атап өтті.

«Екінші тоқсанның басына дейін ел бойынша 191 мың 126 жүкті әйел есепте тұр. Олардың 0,7%-да жүктілікке қарсы көрсетілім бар. Ол дегеніңіз 687 жүкті әйел. Олардың 40%-ында ауыр жүрек-қан тамыр аурулары болса, 20%-ның бүйрегі ауырады, 10% — да эндокринді аурулар бар», — деп атап өтті Ләззат Ақтаева.

Олардың ішінде бұрын бауырлары алмастырылған, жүректеріне ота жасалғандары да бар.

Бұл ретте, Ләззат Ақтаева аурулар диагностикасының қажеттілігі, контрацепция әдістері туралы ақрараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін, мемлекет пен азаматтардың ана мен балаларды қорғаудағы жауапкершілігін баса айтты.

ДереккөзКазТАГ