Көше бойындағы ақша айырбастау орындарының қызметіне тыйым салынады

Меншікті айырбастау орындары доллардан бас тартудың құрбаны іспетті. 

«Асыл-Инвест» акционерлік қоғамы сараптама департаментінің директоры Айвар Байкеновтың айтуынша, валюта айырбастау орындарын айырбас операцияларын жүргізу құқығынан айыру ұлттық экономиканың доллардан бас тартуына жағдай жасайды.

– Айырбастау орындары реттеушінің назарына ілінгелі біраз уақыт өтті, ал соңғы жылда орын алған оқиғалар биліктің оларды валюта тізбегінен шығарып тастау ниетін тек күшейте түсті. Сондықтан оларға тықыр таянды деп айтуға болады. Бұл бағытта негізгі агенттер банктер болмақ, – деп есептейді Айвар Байкенов. – Шетел валютасына тәуелділікті төмендету қаржы жүйесі мен жалпы экономиканың қалыпты жұмыс істеуіне қажет. Соңғы оқиғалар тиімсіз ақша-несие саясаты мен ұлттық валютаға сенім болмаған жағдайда теңгеден және теңгелік активтерден жаппай қашудың жүзеге асатынын көрсетті. Мұндай ахуал теңге өтімділігінің тапшылығына әкеліп соғады, ал ол, өз кезегінде, тоқырауға жетелейді, атап айтқанда, банк секторында. Сондықтан бұл мәселені шешу қажет.

– Жекеменшік айырбастау орындарын баяғыда жабу керек еді – бұл банк жүйесін тазалайды, – дейді әріптесінің пікірін қолдаған Альпаридің аға сарапшысы Анна Бодрова. – Негізі, валюта операцияларын тиісті тәртіппен лицензияланған қаржы ұйымының ішінде атқарған жөн.

Ұлттық банк айырбастау орындарын көлеңкеге итермелеуде

Ұлттық банк ақшаны ұлттық валютада ұстауға ұмтылу қажеттігі туралы үнемі айтып келеді. Халық банкирлерді тыңдайды, бірақ… бәрін керісінше жасайды. Айырбастау орындары қызметкерлерінің айтуынша, соңғы уақытта валюта операцияларына деген сұраныс тек өсу үстінде.

– Валютаға деген сұраныс артып жатыр. Бізге келген адамдар үнемі доллар мен евро сұрайды. Валюта сатып алуға ниет білдіргендер қатары күннен күнге көбеюде, – дейді Алматыдағы айырбастау орындарының бірінде. – Адамдар табысының азайғанына қарамастан, олар бізге келіп, 100 немесе 200 доллар сатып алады.

Айырбастау орындарының иелері Ұлттық банктің тыйым салушы шараларға көшуі қолма-қол валюта айналымының көлеңкеленуіне әкеліп соғады деген сенімде.

– Мұндай шаралардың енгізілуі айырбастау орындарын «көлеңкеге» алып кетуі мүмкін, – дейді атын атамай түсінік беруге келіскен айырбастау орындарының қызметкерлері. – Қазір айырбастау орындары ресми жұмыс істеп жатқандай, бірақ Ұлттық банктің тыйым салуы оларды «көлеңкеге» итермелейді. Айырбас операцияларын жүргізуге шараларды қатайту бизнес пен халықты Өзбекстандағыдай, «жасырын айырбастаушылардың» қызметіне жүгінуге мәжбүрлейді. Ал Өзбекстанда бүгін валютаның екі бағамы бар – банктер жариялайтын ресми бағам және көшедегі айырбастаушылардың қолданысындағы бейресми бағам.

Дереккөз365info.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы су мәселесін жедел шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы елорданы сумен қамтамасыз ету туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. 

Бүгін мемлекет басшысы үш маңызды кездесу өткізеді

Ақорданың ресми сайты бүгін мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды

Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бауырын бағып өскендер. «Кішкентай ата-ана» болғанның кесірі көп пе?

Практик-психолог Әсем Ілесбай "кішкентай ата-ана" синдромын түсіндіріп, екінші ата-ана болып өскен балалардың проблемасын талдап берді.

Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді

Биыл Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Таиландта комаға түскен қазақстандық қаза болды

Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық Артур Ысқақов қаза болды. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде әпкесі хабарлады.