Бақтияр Ақылбек «Жас қанат — 2018» байқауының жеңімпазы атанды

Байқау шарты бойынша финалда алдыңғы екі күндегі жетістіктер есептелмейді, байқауға қатысушылар толық құраммен «Жас қанат» дәстүрлі әнұранын орындауға шықты. Ал үздік бес орындаушы көрермендер мен қазылар алқасының махаббаты мен сүйіспеншілігіне ие болуы тиіс.

Байқауда «қола қанатты» қарағандылық Арманай Әбдімомынова жеңіп алды. Оралдық Риза Мағзом «Жас қанат-2018» XXVII жас орындаушылар конкурсының диломанты атанды. «Күміс қанатты» ең жас қатысушы Замира Сағадиева жеңіп алды. Алматылық Сымбат Сейілханова екінші дипломант болды.

«Жас қанаттың» «алтын қанаты» мен бірінші сыйлықты Бақтияр Ақылбек жеңіп алып, конкурстың жеңімпазы атанды.

ДереккөзInform.kz