Алматы маңында жер сілкінді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 379 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.0. MPV тербелісі — 3.9. Зілзаланың 35 км тереідікте тіркелген», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

ДереккөзInform.kz