«Азаттықтың» өзбек редакциясымен әңгіме барысында Ташкент мектептерінің бірінің директоры осыған қатысты халықтық білім беру Басқармасынан айқын нұсқау түскенін айтқан. Оның сөзінше, биыл мектептерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері көмектеседі, ал бітірушілердің ата-аналарынан ақша жинамайтыны туралы кепілхат алынады.
Өзбекстанда біраздан бері мектеп бітірушілерінің кешін өткізуге және бітірушілерден мұғалімдеріне сыйлық үшін ақша жинауға тыйым салынған. Алайда бұған қарамастан көптеген мектептің бітірушілері сауық кештерін өткізіп, мұғалімдеріне сыйлыққа ақша жасаудан бас тартпаған.
– Биыл тәртіп сақшылары осы жағын қатаң бақылауға алады. Егер бітірушілер кеші өтетін болса, оларды бірден тоқтатады, ата-аналар мен бітірушілерге ескерту жасалады. Мектеп директорлары мен мұғалімдер осы үшін жұмыстарынан айырылып қалуы мүмкін. Мектеп директорлары бұл жайлы жазбаша түрде ескертілген, – дейді Самарқанд облысы Кушрабад аудандық халыққа білім беру Бөлімінің қызметкері.