Әйел кәсіпкерлер экономикасы дамыған елдерде табыстырақ болады

Президенттің бастамалары сонымен бірге қоғамның барлық таптарының шығармашылық және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл стратегияны жүзеге асыруда әрине, әйелдер үлкен рөл атқарады, және олар күннен күнге еліміздегі қоғамдық, саяси, экономикалық өмірдің белсенді мүшелеріне айналып келе жатыр.

Екінші жыл қатарынан зерттеу жүргізіп келе жатқан Index of Women Entrepreneurs мәліметтері бойынша, әйел-кәсіпкерлер экономикасы дамыған елдерде табыстырақ болады екен. Индустриалды нарығы дамыған елдерде бизнесі бар әйелдердің капиталға, қаржылық сервистерге, академиялық білім беру бағдарламаларына қолы оңай жетеді. Ал экономикасы даму кезеңіндегі елдердегі әйелдердің мүмкіндігі шектеулі.

Жалпы алғанда, рейтинг — әйелдер жаңадан бастаушы әлде тәжірибесі барына қарамастан әлемның барлық түкпірінде табысты болып жатыр. Және оларға өз бизнесін алға жылжытуға кедергі болуы мүмкін гендерлік стереотиптер айтарлықтай тосқауыл емес.

«Әйел-кәсіпкерлер, өздерінің мүмкіндіктері толықтай ашылатын жағдай жоқ болса да, бизнесті басқаруда әлем бойынша толағай табыстарға жетіп отыр. Біздер әйелдердің белсендігіне қоғамның назарын аударта отырып, оларды бизнесін дамытуға жігер мен қолдау бере аламыз, және өмірді толыққанды сүруіне көмектесе алатынымызға сенімдіміз» дейді Mastercard қаржы директоры Мартина Хунд-Меджен.

Зерттеулердің нәтижесі кәсіпкерлік беретін мүмкіндіктер міндетті түрде экономиканың даму қарқынымен байланысты емес екенін көрсетіп отыр. Нарықтық экономикасы дамушы елдердегі әйел-кәсіпкерлердің үлесі дамыған елдерге қарағанда артық болып шықты. Дамушы экономикалар тіпті қажетті капитал мен қаржы қызметтері жоқ болса да, өмір сүру үшін бизнесті жиірек ынталандыратыны анықталған.

Қазақстанда да әйелдердің бизнеске ықыласы зор және олардың даму мүмкіндіктері бар. Жыл сайын Әлемдік Экономикалық Форумда құрастырылатын Гендерлік теңдік туралы жаһандық есепте, Қазақстан — әйелдердің экономикадағы, саясаттағы және басқа да саладағы мүмкіндіктері жоғары бағаланатын елдер қатарына кіреді, және түрлі жылдарда еліміз бұл рейтингте 50 елдің қатарынан қалмаған.

Ұлттық комиссия әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарымен біріге отырып, Қазақстанның «БҰҰ-әйелдер» атқару кеңесінің және Әйелдердің жағдайы туралы БҰҰ Комитетінің мүшесі болуына қол жеткізді. Еліміз Түркия, Финляндия, Австриямен қатар — «Қауіпсіздік және тұрақтылық жөніндегі OSCE әрекеттер жоспары» жобасының тетелес авторы. Мұның барлығы Қазақстанның гендерлік саясатының халықаралық мойындалуы мен табыстылығының айғағы.

2018 жылдың қаңтарының аяғында жүргізілген зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, 1,2 млн кәсіпкер тіркелген, бұл былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,8 процентке (9,8 мың адамға) артық. Олардың ішіндегі 560,9 мың жеке кәсіпкер әйелдердің басқаруында, бұл — жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,1 процентке (6,3 мың адамға) көп. Жалпы, жеке кәсіпкер болып тіркелген әйелдердің үлесі 47 процентті құрап отыр (бір жыл бұрын 46,9 процент еді).

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкер әйелдердің көбі білім саласында шоғырланған (73,5 процент немесе 5,1 мың адам). Одан кейін — мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салалары 69,2 процентпен тұр (айтпақшы, бұл бар болғаны 9 жеке кәсіпкер). Алғашқы үштіктің соңғы саласы — жылжымайтын мүлікпен операциялар, онда 64,5 процент әйел бар ( немесе 44,9 мың кәсіпорын). Әйелдердің жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктегі басшылық орындарда ең аз шоғырланған сала — транспорт пен қойма басқару салалары, мұнда небәрі 14,8 процент (немесе 9 мың адам) әйел бар.

Қазақстан әйелдердің құқығын қорғауға және олардың мүдделерімен санасуды міндеттейтін барлығы 60-тан астам халықаралық пактті ратификациялаған.

Қазақстан әйелдері экономикада 26-орын, бизнесте 30, білім саласында 36, денсаулық сақтауда 46, саясатта 93 орын алады. Саясаттағы осы төмен көрсеткіш басқа индекстерді төмен тартып кетіп тұр. Және ол жыл сайын тек құлдырау үстінде, мысалы, 2016 жылы-ақ қазақстандық әйелдер 65-орында болатын. Ал әйелдердің шешім қабылдау кезеңінде болуы өте маңызды.

«Әлеуметтегі, денсаулық сақтаудағы, білім берудегі барлық проблеманы әйелдер оңай шешеді, себебі бұл салалар біздің тұрмысымыздың бір бөлігі. Ендеше біз саясатқа келіп, әлеуметтік проблемаларды өңменімізден өткізгеннен кейін, шешім қабылдау кезеңінде дауыс беру құқығына мұқтажбыз. Әйелдерге де өз ойларын шыңдап, шешім қабылдап үйрену қажет. Гендерлік теңдік ерлердің құқын еш аяқасты етпейді. Феминизм кезеңі өтті. Бұл — адамның даму тұрақтылығына сара жол. Екі жыл бұрын Қазақстан БҰҰ ұйымының мерейтойлық сессиясында гендерлік теңдік принципі туралы осындай есеп берген. Барлық тоғыз бөлім бойынша Қазақстан қарқынды өсіи көрсетіп келеді. Алайда 2006-2016 жыл аралығында біздің еліміздің рейтингі 20 бірлікке төмендеді. Сарапшылардың байқауынша, халықтың өмір сапасын арттырудағы оң өзгерістер — әйелдердің құқығы мен олардың потенциалдарын қолдануға жағдайдың жасалуына тәуелді. Рейтингте гендерлік прогресс шкаласы деп аталатын маңызды көрсеткіш бар, онда әйелдердің үлесі түрлі салада 30 пайыздан кем болмауы керек делінген. 14 индикатор бар: экономикадағы, саясаттағы, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы әйелдер деп кете береді», — дейді Іскер Әйелдер Ассоциациясының президенті Р.Сәрсембаева ханым.

2014 жылы жүргізілген OECD зерттеулердің нәтижесі — министрлік деңгейлерінде дербестіктің жоқтығы, мемлекеттік саясаттың шаралар сараптамасының болмауы және мардымсыз зерттеу потенциалы сияқты олқылықтар әлі де сақталып отыр.

Үш жылға арналған шаралар жоспарына байланысты Ұлттық Комиссия түрлі мемлекеттік мекемелерге осы құжатта келтірілген фактілерді тексеруге пәрмен бере алады.

OECD атап өткендей, Қазақстанның гендерлік мәселелерді түсінуге және мемлекеттік органдар арасында гендерлік теңдік туралы түсіндіру қажеттігін сезінуге талпынысы бар. БҰҰ-ның әйелдерге қатысты шеттетуді жоюды Комитеті отбасыдағы міндеттерді тең бөлу және бір саладағы гендерлік теңдік — жанама түрде ескі патриархалдық нормаларды керісінше күшейтіп, гендерлік теңдікке кері әсерін тигізуі мүмкін. Отбасыдағы, демографиялық және гендерлік саясаттағы, гендерлік бюджеттеудегі біліктілікті арттыру Мемлекеттік басқару Академиясында өткізу көзделген. Бұл Қазақстанның отбасы және гендерлік саясатының 2030 жылға дейінгі концепциясы бойынша мүмкін болды.

Сонымен бірге, аталмыш Концепцияда мемлекеттік органдар мен жалпы қоғамдастықтың гендерлік проблематика жөнінде ақпары болуын қамтамасыз ететін шаралар да қарастырылған.

Әйелдерді шеттетудің барлық формасын жоюға, гендерлік тепе-теңдікке ұмтылыс — бүкәлемдік үрдіс. Дүниежүзілік Банктің мәліметі бойынша, әйелдерді шеттетуді жою — бір жұмысшының еңбек өнімділігін 25 проценттен 40 процентке дейін арттыруы мүмкін.

Қазақстан үкіметі 2002 жылдан бері әйел-кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында шаралар өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында ондаған мың әйелдер оқытылып, жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін ашты. Халықаралық аудиторлық компания Ernst & Young зерттеуі бойынша, 2030 жылға қарай әйелдер әлем бойынша шығынның 75 пайызын қадағалайтын болады.

Қазақстанда әйелдер үшін тең құқылық жағдай жасалып жатыр. Мысалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2010 жылы екінші деңгейлі банктерге шартты түрде қаржы сақтау бағдарламасын бастады. Бұл қаржы кейін әйелдер кәсіпкерлігіне шағын несие беруге жұмсалады. Бұл әдіс Қазақстан әйелдерінің V форумында Президент айтқан тапсырма бойынша жасалған болатын.

Бұдан бөлек, 2011 жылдың соңынан бастап аталмыш қор Азия Даму Банкінің несиесі есебінен шағын-орта бизнесті дамыту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бұл несиенің шарттарының бірі -несиенің кемінде 24 проценті әйел-кәсіпкерлерге берілуі тиіс.

Жалпы алғанда, екінші деңгейлі банктер арқылы «Даму» қорының барлық бағдарламалары бойынша әйел-кәсіпкерлердің 5 мыңнан астам жобасы қолдау тапқан.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында мыңнан астам әйел кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидиясын алып отыр.

Мемлекет сонымен бірге кәсіпкерлік әлеуетті күшейту жұмыстары аясында оқыту және кеңес беру жұмыстарын жүргізіп отыр. Мысалы, жұмыс істеп жүрген әйел-кәсіпкерлер экономиканың өзі бейім саласы үшін «Назарбаев Университетінде» дайындықтан өтіп, біліктілігін шыңдай алады. Мұнда әлемнің жетекші университеттерінен лекторлар шақырылып жүргені белгілі.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкер әйелдерге жедел кеңес беру үшін кәсіпкерлікті қолдаудың көпдеңгейлі инфраструктурасы жасақталған. Облыстарда — кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары болса, моноқалалар мен аудан орталықтары деңгейінде — кәсіпкерлікті қолау орталықтары бар, ал елді-мекендер мен ауылдардар кәсіпкерлікті қолдаудың мобилді орталықтары жұмыс істеп тұр.

Осылайша, елімізде жалпы алғанда кәсіпкерлікті, жалқы алғанда әйелдер кәсіпкерлігін тиімді пайдалануға барлық жағдай жасалған. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдер несиеге, жабдықтарға, технологиялар мен біліктілікке қол жеткізгеннен кейін, оларды бақылау мүмкіндіктері де болса, олар өндірісін кеңейтіп, сату көлемін ұлғайтып, өз кәсіпорнының тұрақты дамуына қажет табыс таба алады. Ендеше, әйелдердің әлеуетін тиімді пайдалану, оларды экономикаға үлес қосуға ынталандыру түптеп келгенде Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіруін жеделдете алады.

Жұмыспен қамтылған халықтың ішіндегі әйелдердің үлесінің көбеюін есепке ала отырып және қыздар арасындағы техникалық жоғары білім алып шығып жатқандардың көбейгенін ескере отырып, әйелдердің «Нұрлы жол» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша белсенділігі күтілуде. Болжам бойынша, тек құрылыс саласының өзіне 55 мың әйел тартылады деп жоспарлануда.

«100 нақты қадам» реформалар бағдарламасы мен гендерлік теңдіктің жаңа стратегиясының жасақталуы — гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ұсыныстарын тиімді мониторинг жасаудың тамаша мүмкіндігі. Бұдан әрі қарай мемлекеттік басқарудың реформасы кезінде гендерлік проблематиканы уақтылы көтеруге оңтайлы сәт туады. Сөйтіп, еліміз бұл сала бойынша жұмысты нақты қадамдар мен өлшеуге келетін нақты нәтижелерге қол жеткізер еді.

1995 жылы Мемлекет басшысы Отбасы, әйелдер және демографиялық Кеңес құру туралы тарихи шешім қабылдады. Кеңесті медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова басқарды. Айта кету керек, тап сол жылы БҰҰ-ның әйелдердің жағдайы бойынша IV конференциясында Қазақстан — отбасы мен әйелдер мәселесі бойынша кеңестік органы бар аз мемлекеттердің бірі болды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік Экономикалық Форумның гендерлік алшақтық индексі бойынша 144 елдің ішінде 52-ші орын алды. Ал «әйелдердің экономикаға қатысуы мен олардың мүмкіндіктері» көрсеткіші бойынша республикамыз 30-орын; денсаулық индексі бойынша 36-шы орын, білім деңгейі бойынша 48-ші орын алды.

Қазіргі қоғамда жаңа психиологиялық келбеті бар әйелдер маңызды рөл ойнайды. Соңғы жылдары табысты әйелдердің үлкен бір легі пайда болды. Ерлерге тәуелсіз, өз бинесі бар, жоғары лауазымы бар әйелдер. Бұл енді дәтүрлі түрдегі мінез-құлқы бар әйел емес, бұл тіпті басқа, жаңа психологиялық структура. Қазіргі әйелдер өз жолын өзі таңдап, рухани және адами құндылықтарды өзі үшін өзі анықтайды.

Даму кезінде Қазақстан өзінше бір Шығыс пен Батысты, ислам және христиан әлемін, түркі және славян халықтарын жалғайтын көпір болғаны рас. Діни және мәдени алуандық Еуразия жүрегінде ұзақ уақыт бойы қалыптасты. Әйелдер бейімделу кезінде жаңа өмірге қажет машықтарын шыңдап, өзінің өмір салтын өзгертті, өздерінің мүмкіндіктері мен қабілетін ашып, әлеуметтік қатынастардың айналымына енді, өзі үшін қандай да бір стратегия таңдап алды. Президентіміз «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Әйел — отбасының, ендеше мемлекеттің тірегі. Қыздар, әйелдер әрқашан қоғамымыздың толыққанды мүшесі болған, ал ана — ең қадірлі тұлға боп келеді» деген болатын. Сайып келгенде, халықтың барлық таптары мен топтарына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету — құқықтық мемлекет құрудың алғышарты мен міндеті.

Қазақстан әйелдерінің алғашқы съезінде-ақ Мемлекет басшысы елімізде гендерлік саясат жүргізудің күрделі қадамдарын ұсынды, ҚР Парламентіне әйел-кандидаттарға дауыс беруге үндеді. Президент әйелдердің еліміздің саяси өміріндегі рөлін арттырудың жоспарын жасақтауды тапсырды.

Гендерлік саясаттың мақсаты — шынайы гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу. Ол дегеніміз, азаматтардың барлығы таңдау құқығы мен өзінің және өзінің қабілетін даму жолын таңдауға ерікті деген сөз. Оған шектеу болатын стереотиптер мен дәстүрлі гендерлік ахуал. Гендерлік саясат жүргізу — демократия жолындағы маңызды қадамдардың бірі.