Головкин-Альварес жекпе-жегі болмай қалуы мүмкін

ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің болмай қалуы мүмкін екенін айтты.

©Sports.kz

«Қазір Головкин ықтимал жекпе-жектің ең тиімді шарттарын иемденуге лайықты. Ол 50-де 50 талабын ұсынып отыр. Меніңше, бұл негізсіз» — дейді Дэн Рафаэль.

Естеріңізде болса, Головкин-Альварестің қарымта жекпе-жегі 5 мамырда өтеді деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version