«Атамекен» кіші бағдарламасы кәсіпкерлер мен меценаттар тарапынан жақсы қолдау табуда

Олардың қатарында «Батыр бабалар» мемориалды музейі (465 млн.тенге) мен Тұңғыш Президент – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы да салынып, іске қосылды.

Бұл орайда әлеуметтік маңызды жобалар да атап өтілді. «BN INVEST» қаржылық-өндірістік холдингі Қарасай ауданы Шамалған ауылында халықтың әлжуаз топтарының қатарындағы отбасыларына 160 млн. теңгеге 17 тұрғын үй салып берді. Ал Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылындағы қараусыз қалған саябақ қайта жаңғыртылып, балалар алаңы мен футбол алаңы жасалды. Бұл іске жоғары технологиялы көкөніс пен жеміс-жидек өсірумен айналысатын «Амал Био» ЖШС жетекшісі, кәсіпкер Асқар Сабиров 30 млн. теңге жұмсады.

«ABM Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, меценат Азамат Молдақасымов Балқаш ауданында бірқатар іргелі істерге мұрындық болды: бастауыш мектеп, балалар алаңы салынды, ауыл ішілік жолдар жөнделіп, жарықтандыру жүйелері жүргізілді. Жалпы алғанда кәсіпкер Бояулы ауылын көркейтуге 650 млн. теңгеден астам қаржы құйды.

Белгілі меценат, «Жер-Су» корпорациясының президенті Бауыржан Оспанов жастарды қолдау мен бизнесті дамытуға барынша жәрдемдесіп келеді. «Bastau Сamp» семинарының шеңберінде Алакөл ауданында 12 жас кәсіпкердің үздік стартаптары кәсіпкердің 1 млн. теңгеге дейінгі грантын иемденді.

Шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіпов «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатыса отырып, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында 140 млн. теңгеге 20 тұрғын үй салды. Ол туған ауылында балақша, балаларға алаңдары мен спорт алаңдарын тұрғызып, жол салды. Өңірде мұндай мысалдар көп.

— Жыл басынан бері облыста «Туған» жер жобасы шеңберінде жалпы сомасы 4,2, млрд. теңгеге 85 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың арасында Алакөл, Қарасай аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Кербұлақ ауданы Тастыбастау ауылында мектептің, Алакөл ауданында патронаттық отбасына арналған үйдің құрылысы мен Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында ұлы ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың ескертікішін атауға болады. Жыр алыбының еңселі ескерткішін күні кеше ғана салтанатты түрде аштық, — деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Жалпы, 2019-2020 жылдары құны 5,9 млрд. теңге болатын 122 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

 

Дереккөзzhetysu.gov.kz