Басты бет Жаңалықтар Талдықорған қаласының әкімі мектеп оқушыларына ақ жол тіледі

Талдықорған қаласының әкімі мектеп оқушыларына ақ жол тіледі

Бүгін Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Соңғы қоңырау мерекесі болып өтті.

Аталған шараға Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, оқушылары және ата-аналар қатысты.

Соңғы қоңырау мерекесінде алғашқы сөз алған мектеп директоры … аталған оқу орнының жетістіктерін айтып, биылғы түлектерге ақ жол тіледі. Ал өзге оқушыларға үлгерімдерінің жақсы болуын табыстады.

Келесі сөз алған қала әкімі Дастан Тұрарбекұлы: «Биылғы оқу жылында қала бойынша 1327 түлек орта мектепті бітіргелі отыр. Олардың 82-сі «Алтын белгіге», ал 40 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Оларға мемлекет жасап отырған мүмкіншіліктерді тиімді пайдаланып, белсенді және қайратты, қандай істе болсын адал да жауапты болуын тілеймін. Халқымыздың құндылықтарын, жақсы дәстүрін сақтап қана қоймай, одан әрі дамытуға үлес қосады деген сенімдемін». – деп, сөз соңында мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқан оқушыларды марапаттап, алғыс хаттар табыстады.

Шара соңында жиын қонақтары мектеп ішін аралап, жетістіктерімен танысты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version