Басты бетЖаңалықтарЖолдау-2018: Мақсат...

Жолдау-2018: Мақсат айқын, әдіс белгілі

Қазақстанның кезекті стратегиялық қадамдарын айқындайтын бұл құжатқа белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар мен экономистер, саясаттанушылар пікірін білдіріп, жылдың бас құжатын басты тақырыптардың біріне айналдырып отыр.

Еліміздің бас құжатын талқылаудан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметкерлері де тыс қалмақ емес. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы, профессор Ә. Рахымжанов бұл жөнінде, жаңа Жолдау-2018 — тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа кезеңін бастайтынын айтып отыр.

Өмірінің басым бөлігін педагогика мен қазақстандық білім беру жүйесін дамытуға арнаған Ә. Мұратбекұлы Президенттің Жолдаудағы сөздерімен орайласа отырып, құжатта ерекше аталып өтілген адами капиталдың қалыптасуы мен дамуындағы негізгі шарттардың бірі — сапалы білім екенін айтып өтті.

Ә. Мұратбекұлы, осы Жолдауда білім беру саласындағы өзіндік озық жүйемізді құруды жеделдету керектігі айқын нұқсалдағандығын жеткізді. Әсіресе, мектепке дейінгі білім беруден бастап, жоғары білім беру жүйесіне дейінгі бағдарламалардың басты қажетті қасиеті – әлемдегі де, елдегі де динамикалық өзгерістерге бейім болуы және білімнің жаңалықтары мен жаңа салаларын жедел меңгере білу қабілеттерін дамыту болып шығып отыр. Ендеше, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде бүлдіршіндерді ерте дамытуға бағышталған бағдарламалардың бірыңғай жүйелі стандарттарын енгізу мәселесі өзекті. Әлемдегі практика — білім берудің мектепке дейінгі сатысы мен алғашқы сапалы білім – мінез бен ақыл-парасаттың, алғырлықтың қалыптасуына ықпал ететін факторлар айқын екенін көрсетіп отыр. Осы орайда жаратылыстану, әсіресе математика ғылымдарына бейімдеп оқытудың, машықтандырудың басты орынға шығатынын атап өту керек. Ә. Мұратбекұлы мырза осы ғылымдар бойынша оқытуды күшейту — болашақта жастардың сыни ойлауына, жылдам өзгеретін технологияларға тез арада бейімделіп, нәтиже шығаруына, адамгершілік қасиеттерінің артуына басты шарт деп есептейді.

Ә.Рахымжанов Жолдауда берілген адами капиталды дамытудың келесі жолы – техникалық білім беру туралы сөз қозғады.

«Дарынды инженер-өнертапқыштарды, компьютер мамандарын тәрбиелеу үшін арнайы жағдайлар керек. Ол үшін жастарымыз бала кезінен-ақ техника саласы құрал-жабдықтарының, ақпараттық және цифрлы технологиялардың тілін білуі тиіс», — дейді ол.

Президент Жолдауына жазған пікірінде Ә. Мұратбекұлы былай дейді: «Тілімізге байланысты қалыптасып қалған күрделі мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы нақты әрі жүйелі міндеттерді белгіледі. Қазақстан азаматтарының болашағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуімен тығыз байланысты. Бұл мақсатқа Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап ұмтылып келеміз. Латын әліпбиіне көшу арқылы дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне қосылма ниетіміз бар. Президентіміздің айтуынша, мұндай қадам халықаралық терминологияда қалыптасып қалған сөздерді аударудағы мәселені шешуге көмектеседі. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу мақсатында атқарылатын күрделі жұмыстар білім беру саласының барлық сатыларынан орын алмақ. Бұл реформаның жетістігі, сөзсіз, қоғамдық сананың деңгейі мен қалың жұрттың белсенділігіне тәуелді. Тіл – халықтың алтын діңгегі, ұлт даналығы мен мәдениетінің асыл қазынасы. Ал оны сын-қатерден сақтап, кейінгі ұрпаққа аман жеткізу – біздің мойнымызда».

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ақпараттық-идеологиялық кешені директорының орынбасары ретінде Ә.Рахымжанов қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлт әлеуетін арттыруда рухани жаңғырудың, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ұлықтаудың, мәдениетіміз бен идеологиямызды дамытудың ықпалы зор екенін айтады.

Өз пікірін түйіндей келе, Ә. Мұратбекұлы былай деп жазыпты: «Жолдауда көзделіп отырған жаңа білім беру жүйесін инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың бір саласы деп қарастыруға болады. Бұл жүйе жұмысының негізгі мақсатын Елбасы келесідей сөздермен жеткізді: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Архив жұмысы және ақпараттандыру қызметінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Е. Мағзұмовтың айтуынша, Жолдауда Мемлекет басшысы көрсеткен 10 басымдық берілген мақсат — әлемдік қауымдастықтың елімізге білдірген сенімі мен жоғары бағасын сақтап қалуға, үлкен жеңістерге қол жеткізуге ықпалын етпек. 

«Күні кешегі тарихқа көз жүгіртсек, өндіріске автоматтандырылған жабдықтарды жаппай енгізуге негізделген Үшінші өнеркәсіптік революцияны күллі әлем қорқынышпен қабылдағанын байқаймыз. Уақыт өте келе бұл үдерістің бұлтартпастығын ұғынған мемлекеттердің көбісі даму жолына ілесуге тырысты. Ал 2011 жылы Еуроодақтың алдыңғы қатарлы мемлекеті Германия Индустрия 4.0 немесе Төртінші өнеркәсіптік революцияны сөз етті. Ол болса, Үшінші өнеркәсіптік революциядан әлдеқайда күрделірек. Индустрия 4.0 барысында адамзат өндірістің, өмірлік процесстердің жаппай автоматтандырылуына тап болады. Даму үрдерісінің мызғымастығын АҚШ, Ұлыбритания, Израиль секілді ірі мемлекеттер әлдеқашан мойындады. Ал әлемдегі өзге елдер мәселеге осы ткезеңдерде ғана шүйлігіп отыр. Себебі, жұмбақ көп. Қате шешімдер мен асығыс әрекеттерден туу мүмкін қауіп-қатерлер де аз емес. Мемлекет басшысы Төртінші өнеркәсіптік революцияны сын-тегеуріндердің ғана емес, мүмкіндіктердің де ошағы атайтыны да сондықтан. Мұның бәрі ұлттың әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осы тұста Елбасының көрегендігі, дәлірек айтқанда, еліміздің, күллі адамзат өркениетінің даму ырғағын таба білген қасиеті таң қалдырмай қоймайды. Қазақстан Төртінші өндірістік революцияның терең ұғынып, оны қолдау көрсеткен жағдайда ғана ең дамыған елдердің қатарына қосыла алады. Оны жақсы білетін Елбасы өз Жолдауында батыл да парасатты шараларды ұсынады. Жолдауда республика тұрғындары құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі Үкіметтің орындайтын міндеттері белгіленген. Өндірістік жаңғыртудың күрделі үдерістері мен адамзат өміріндегі ірі өзгерістер кезеңінде бұл сөзсіз қуантарлық жайт. Себебі, Үкімет пен әкімдіктер үшін қауіп-қатердің алдын алу саясаты қашан да маңызды екеніне халық сенімді болуы тиіс», — деді ол.

Е. Құдысбекұлы мемлекетті Елбасының дамыту жөніндегі ойларының айқындылығы қазіргі күрделі кезеңде өмір сүріп жатқан еліміздің көңіліне келешекке сенім ұялататынын ерекше атап өтті.