Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» атты еңбегімен мұсылмандықтың асыл қасиеттерін халыққа уағыздап, олардың діни сауатын көтеруге, білімін арттыруға өз үлесін қосқан ақын. Ол 12 ғасырда Түркістан маңында Иүгінек деген қыстақта дүниеге келген. Ол — түркі халықтарының рухани мәдениетінің қазығы болған қала.

«Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға жеткен жоқ, бірақ 14-15 ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі мен үш түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа.

«Осы кезеңнің басқа да ақындары сияқты Иүгінеки де жыр-шумақтарын хадистермен безендіріп әрі осы хадистерді шығармасында қолдану арқылы өзінің діни білгірлігін танытқан. Ақынның шығармасын парақтағанымызда отызға жуық хадис қолданғанын көрдік. Алайда бұл жерде біздің назарымызға ілікпей қалған хадистер де болуы ықтимал» деп жазады Шәмшат Әділбаева «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» деген кітабында.

Енді осы шығармада қолданылған хадистерге мысал келтірейік /Өлең жолдарының дінмен байланысын оқу үшін суретке басыңыз/:

Пайғамбарымыздың хадистерін осылай өлеңдетіп жеткізген ақын ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан дәстүрлердің дәнегін сол кезеңдерде-ақ еге білген. Халқымыз шын мәнінде сараңдықы «Жомарттың бергенін көріп, Сараңның іші күйеді», «Сараңнан сарқыт жегенше, иттен тартып же» деп, оны емделмейтін ауру санаған. Тіліне абай болып, «Он күнәнің тоғызы тілден», «Сөз сүйектен өтеді» деп, артық сөз, өсек-аяңнан тыйған, біреудің басына іс түскенде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», көмектескен. Оның айғағы — «жылу жинау» дәстүрі. Сонымен бірге, «сабыр түбі — сары алтын», «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» деп, кез келген қиындыққа сабырмен қарап, шыдамдылыққа үйреткен. Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі осылайша ұлтымыздың дәстүр мен діні біте қайнасып кеткенін көрсетеді.

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.