Айта кеткен жөн, KADEX-2018 көрмесі екі бұрын ашылды. Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Осы уақытқа дейін көрме аймағында бірнеше халықаралық шара өтті. Соның ішінде ғарыш, киберқауіпсіздік және тағы басқа мәселелерге арналған жиындар бар. Ал ресми делегациялар өзара келіссөздер жүргізіп, бірқатар келісімдерді рәсімдеді. Мәселен, «Қазақстан инжиниринг» холдингі мен Түркияның «Отокар» компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Соның негізінде екі компания Қазақстан аумағында бронды машиналарды бірлесіп құрастыратын болады.
KADEX-2018 көрмесі 26 мамырға дейін жалғасады. Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдің өкілі қатысып жатыр. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынып отыр. Бұған дейін «ҚазАқпарат» тілшісі Қытай Халық Республикасының павильонында болып қайтты. Түркияның әскери техникасымен де танысты.
Ресми мәліметке сәйкес, KADEX-2018 көрмесі №12, №51 және №100 бағытындағы автобустармен баруға болады.