Қазақ жігіті Ғалымжан Елеулин Google компаниясында аға инженер болды

«Баламды құттықтаймын!!! Ғалым қызметінде жоғарылады және GOOGLE корпорациясында Senior Softwаre Engineer қызметіне тағайындалды!!! Онымен мақтанамын, екі жыл бұрын ғана ол компанияға қызметке тұрған еді, оған дейін AMAZON-да істеді, ол да әлемдік ірі компания, ол жақта тәжірибе жинап, кәсіби маман екендігін дәлелдеді. Ғалым бірнеше жоба бойынша Tech Leader, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды», — деп хабарлады Хавиза Баймұхан.

Айтуынша, жаңа қызмет өте маңызды, жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін команданың жоспарлауымен және реттеуімен айналысады, жобаның идеологиясын жасайды және міндеттерді орындауға өзіндік ізденіс жасайды. Ғалымжан Елеулин жаңа технологияларды іздеп, енгізумен де айналысатын болды.

Дереккөзtengrinews.kz