Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан ел алдында қайтадан табысты

«Гəкку» ұсынған сыйды қолына ұстаған Төреғали:

Өзге əннен өзгеше «Гəккудағы» əуен,

«Гəккуды» ашқан құрмет көп авторға деген.

Арасында ұстатып тұрса болды,

Гəккудың нағыз сыйлығын Аққуға берем, — деген өлең жолдары арқылы аққуға теңеп Еркеге берді.

Артынша кештің жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов осыдан бірер ай бұрын қос əншінің продюсерлері арасында болған кикілжіңді еске түсіріп: «Ертең тағы интернетте Төреəлі ағамыз бен Баян Есентаева қырлысып жатпасын», — деп Төреғалиға да тағы бір мүсін ұсынды.

Артынша Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында «Міне нағыз ерлік. Сүйікті əншілеріңіз Ұлы Дала Баласы Төреғали мен Ерке Аққу. Дəл солай…», — деп өз сезімімен бөлісті.

Оған оқырмандарының көпшілігі «Жарадың, Төреш!», «Керемет жұпсыздар», «Жаңа əндер күтеміз», — деген секілді пікірлер қалдыруда.

Сондай-ақ, кешке қатысушы Кəмшат Жолдыбаева, Серік Ибрагимов, Айқын Төлепберген, Бейбіт Құшқалиев, Бүркіт пен Аиша секілді тағы да басқа əншілер «Гəкку əуендері» марапатына ие болды.

Дереккөзnur.kz