Дөңгелек үстел барысында депутаттар бірінші рет үй сатып алу бойынша мемлекеттік бағдарламаның талаптары ауылдық жерлердің тұрғындары үшін жарамайтындығын айтқан болатын.
«Ауылға қатысты өте дұрыс айтып отырсыздар. Өткен жолғы отырыста да, жалпы үнемі айтып келемін ауылдарға қатысты айрықша ұстанымым бар. Біз ауылдық жерлердегі тұрғын үйлерге қатысты жаңа бағдарлама әзірлеуіміз керек. Үкіметтегі талқылау барысында да бұл мәселені көтергенмін. Қазір екі тетігі біршама түсінікті бола түсті. Осы айда біз оны аяқтап, одан кейін келісуге жіберетін шығармыз. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» және «7-20-25» аясында пайдаланып жүрген бағдарламалар ауылдық жерлер үшін жарамсыз екендігі анық жайт»,- деді вице-министр.
Айта кетейік, Қайырбек Өскенбаев ел бойынша жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж қанша адам тіркелгенін айтқан болатын.