Басты бет Жаңалықтар Головкин Альвареске: Кездесуден қашуыңды тоқтат

Головкин Альвареске: Кездесуден қашуыңды тоқтат

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) WBC белбеуінің иесі, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (47-1-1, 33 КО) кездесуден қашқақтамай, жекпе-жек жөнінде бетпе-бет келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Орынбасарлармен немесе өкілдермен ешқандай да келіссөз жүргізілмейді. Тек сен және мен. Қашуды доғар», — деп жазыпты Головкин өзінің твиттердегі жеке парақшасында.

Бұған дейін Головкин мен Альварес тобы келіссөздер жүргізе бастағанын жазған болатынбыз. Екі тараптың 24 мамырға дейін бір тоқтамға келуге уақыты бар. Одан кейін промоутерлік келіссөздер басталады. Алайда, америкалық журналист және инсайдер Крис Манникс тараптардың әлі күнге дейін бет-бет кездеспегендерін айтып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version