1. Қолтаңбаның үлкендігі

А) шамадан тыс үлкейтіп қою – жүйелік ойлау қабілеті терең адамдар. Көбінде мұндай адамдар дипломатиялық жұмыстарға жақын болады. Негізгі қасиеттері: іскер, өзіне сенімді, айтқанынан қайтпайтын жандар;

Ә) шағын – қандай да бір ақпараттарды белгілі бір шекара төңірегінде ойлайтын адамдар. Мұндай адамдар бас қатыратын жұмыспен айналысқанды ұнатпайды. Шығармашылдыққа жақын адамдардың көбі қолды осылай қояды.

2. Қолтаңбасының ұзақтығы

А) барынша созылыңқы –- мәселелергедің мән-мағынасына тереңірек қарайтын адамдар; Мұндай адамдар шыдамды, сабырлы және энергиясы мол болып келеді.;

Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді және жылдам ойланып, дереу шешім қабылдайды. Қимылдары шапшаң болады.

3. Қолтаңбасының түрі

А) дөңгелек – мінезі жұмсақ, өте мейірімді, салмақты, қолы ашық;

Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір болса – шыдамсыз, сабырсыз, қатал, тәуелсіз, қыңыр адамдар;

4. Әріптерінің ара-қашықтығы

А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, қолда барын өзгеден аямайтын жомарт жандар;

Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса – өте үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса). Әдетте мұндай адамдар экономика саласына жақын болады.

5. Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер

А) дөңгелек – үлкен мәселелер мен идеялардың төңірегінде қалып қою;

Ә) ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық;

Б) суреттер – шығармашылық қабілеттері басым.

6. Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы

А) сол жаққа еңкейіңкі – өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам;

Ә) оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;

Б) әріптер тік орналасса – ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық;

В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар – тұрақсыздық пен зымияндық;

Г) жатыңқы орналасқан әріптер – маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді.

7. Қолтаңбаның бағыты

А) жоғары – оптимизм;

Ә) төмен – пессимизм;

Б) біркелкі – тұрақты мінез.

8. Соңғы таңбаның ұзақтығы

А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар.

9. Қолтаңбаның астын сызу

А) төменгі бөлігін – кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік;

Ә) жоғарғы бөлігі – мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю.

Б) қолтаңбаның өзін сызу – өз-өзіне көңілі толмаушылық.

10. Симметрия

А) симметриялы – адалдық;

Б) симметрияға мән бермеу – тұрақсыздық,

11. Күрделілігі мен қарапайымдылығы

А) қарапайым – бұл адам «менде қиыншылықтар жоқ» ұстанымымен өмір сүреді;

Ә) күрделі – түймедейді түйедей етуге құмар жандар;

Б) ерекше – шығармашылық белсенділігі зор7

12. Түсініктілігі

Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді.

13. Қаламды ұстауы

А) тым қатты ұстап жазатындар – ашуланшақ;

Ә) солғын – жұмбақ жандар, құпиялылық;

Б) қатты батырып жазу – өзіне деген сенімділік.

Енді алдарыңызға қолтаңбаның кейбір үлгілерін берейік. Психологтың айтқанын ескере отырып, өз мінездеріңді анықтаңыздар.

  1. Жоғары қарай көтерілген қолтаңба адамның ширақ, оптимист, қозғалғыш екенін көрсетеді.
  2. Тігінен жазылған қолтаңба адамның тұрақты, салмақты екенін көрсетеді
  3. Төмен қарай түсірілген ол адамның пессимист екенін, сенімсіздігі басым, өмірге және жұмысына қанағаттанбайтындығын білдіреді.
  4. Ірі әрі жайлып қойылған қолтаңба адамның өзімшілдігі басым , күнделікті қарапайым өмірмен көп келіспейтіндігін көрсетеді.
  5. Фамилиясының бастапқы әрпімен басталатын қолтаңба қарапайымдылықты көрсетеді.
  6. Қолтаңбаның басында адамның атының бастапқы әрпі, содан кейін фамилиясы тұрса, онда іскер, жауапкершілігі мол, ойшыл деп түсініңіздер.
  7. Алдыңғы әрпі түсініксіз болса, онда ол адамның тұйық, сенімсіздігі көп, досты таңдай білетіні көрінеді.
  8. Егер де қолтаңбада біркелкі штрихталған әріптердің қайталануы көп болса, онда сіз өте белсендісіз, әртүрлі қызметтен өзіңізге керегін дұрыс таба аласыз.
  9. Қолтаңбада қосымша элементтер болса (штрихтер, ілмектер, өрнектер), онда сіздің тапқырлығыңыз басым.
  10. Қолтаңбаңыздағы бастапқы әрпіңіз не қолтаңбаңыздың түгел әрпі қисынсыз әрі өте көп әшекейленсе, онда сізде эгоизм, өзімшілдік басым болғаны.
  11. Ешқандай көркемдеусіз қойылған қолтаңба – адамның тәрбие көрген , мәдениетті екенін білдіреді.
  12. Қолтаңбаңыз тіке келіп соңында төменге қарай ширатылса, онда сіз белсенді, тәуекелге баратын, батыл, қарамаңыздағы адамдарға қатал болғаныңыз.
  13. Қолтаңбаңыздағы соңғы сызығы бастапқы әріпке қайта қосылса, ол қолтаңба иесінің эгоист, ешкімге сенбейтін. Тұйық адам екенін білдіреді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!