Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда инновациялық жобаларға грант бөлінеді

Қазақстанда инновациялық жобаларға грант бөлінеді

Технологияны коммерциялауға 200 миллион теңге, кәсіпорынның технологиялық дамуына 400 миллион теңге, ал салалық гранттар үшін 500 миллион теңге бөлінбек.

Көрнекі жоба

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік инновоциялық жобаларды қаржыландыруға грант бөледі.

«Технологияны коммерциялау гранттарын бөлу 63 жұмыс күні ішінде, ал кәсіпорынның технологиялық даму гранттарын үлестіру 80 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Осы уақыт аралығында жүргізілетін сараптаманың барлық түрі қарастырылған. Сонымен қатар бұл күндері комиссия отырысы өтеді», — дейді Өміржан Ташимов, ТДҰА басқарма төрағасының орынбасары.

Өтінімді қабылдау 6 маусымнан бастап 16 шілдеге дейін жүргізілмек. Гранттар 3 бағыт бойынша үлестіріледі. Конкурсқа 100 үміткер қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, ереже бойынша грантты игеруге 3 жыл беріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version