Шенеунік интернет жылдамдығы демалыс орындары үшін өзекті мәселе екенін айтты. Мәселе демалушылардың интернет қолданатындығында ғана емес. Қызмет көрсетуші мен сатушының кассалық аппаратындағы фиксальді чек мәліметтері мемлекеттік кірістер департаментіне интернет желісі арқылы жетеді. Бұл демалыс базалары мен демалыс үйлері иелерінің қанша табыс тапқанын және салық төлегенін бақылауға көмектеседі.