«Біз деректерді қорғауға адамның бақылауын күшейту үшін жұмыс ітеп жатырмыз (GDPR — Еуроодақта қорғауды реттеудің жалпы ережелері)… біз жаңа инструменттер ұсынамыз… желіде аккаунт деректер тарихын тазарту мүмкіндігі болады», — деді ол Брюссельдегі Еуропарламентте.
Цукербергтің айтуынша, Facebook-тегі жалған жаңалықтар мен өтірік ақпарат тарататын фейк аккаунттарды жою үшін оның компаниясы жасанды интеллект (АІ) технологиясын қолданады.
«2017 жылы Францияда өткен президент сайлауының алдында біздің жүйеміз 30 мыңнан аса жалған парақшаны тауып, өшіріп тастады», — деді Цукерберг.