Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның ең білімді оқушыларын анықтайтын турнир басталды

Қазақстанның ең білімді оқушыларын анықтайтын турнир басталды

21 мамырда «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11 сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир басталады.

©inform.kz

«Кім білгіш?»  эрудиттер сайысы дәстүрлі турнирге айналды. Осы жылы турнир үшінші рет өткізілуде. Биылғы турнирдің ерекшелігі ойынның ағылшын тіліндегі нұсқасының қосылуы, ол қатысушыларға ағылшын тіліндегі білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Аталған интеллектуалдық ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2018 ж. 21 мамырынан 30 маусымына дейін. Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz  сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады. І және ІІ тур 2018 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур   Астанада болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version