Басты бет Жаңалықтар Головкин допинг-тест тапсыруын жалғастырады

Головкин допинг-тест тапсыруын жалғастырады

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA, WBC, IBF, IBO чемпионы Геннадий Головкин Ерікті допингке қарсы агенттігінің (VADA) жыл бойы жалғасатын бағдарламасы аясында допинг-тест тапсыруын жалғастырады.

Фото: Prosports.kz

«VADA Геннадий Головкиннің 2018 жылғы 15 қыркүйекке дейін допингке қарсы бағдарламаға қайта қатысады», — делінген агенттіктің Туиттердегі парақшасында.

15 қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші кездесуін өткізуі мүмкін. Бұған дейін допинг қолданғаны үшін спорттан уақытша шеттетілген мексикалық боксшы да VADA-ның бағдарламасына қосылған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version