Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин келесі қарсыласының есімін ресми мәлімдеді

Геннадий Головкин келесі қарсыласының есімін ресми мәлімдеді

WBC, WBA (Super), IBF және IBO сериялары бойынша орташа салмақ чемпионы Геннадий Головкин (37−0−1, 33 КО) 5 мамырда жекпе-жекке шығатын қарсыласы туралы ресми жариялады.

Фото: Prosports.kz

Геннадий Головкинмен бұл жолы жұдырықтасатын боксшы — Армения тумасы Ванес Мартиросян (36−3−1, 21 КО).

31 жастағы Мартиросян — АҚШ азаматы. Ол 7 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа эмигрант болып барып, сол жерде тұрақтап қалған. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада барысында Құрама Штаттар үшін өнер көрсетіп, жарты жолда жарыстан шығып қалған. Осыдан кейін ол кәсіби боксқа ауысты.

Айта кетейік, Головкин-Мартиросян жекпе-жегі Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласының маңындағы StubHub Center орталығында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version