Зайсанның 9 ауылына газ тартылады

Зайсаның ауылдарына газ тартылады деп 2013 жылдан бері айтылып келеді. Енді міне 5 жылдан кейін қолға алынған шаруа да өз мәресіне таяған сияқты.

Серік Ақтановтың айтуынша, негізгі техникалық жұмыстар аяқталып, қазір құбырлар ауа толтыру арқылы сынақтан өткізілу үстінде екен. 18 маусымнан бастап Зайсан ауылының тоғыз ауылы көгілдір отынға қол жеткізетін болды.

Облыс әкімі Даниал Ахметов «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалына аталмыш жобаны бақылауда ұстауды тапсырды.

Дереккөзinform.kz