Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы төмендейді

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақсай, сондай-ақ түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қалыптасуы мүмкін.

ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Дереккөзinform.kz