Қазақстандық төрт боксшы спорттан шеттетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар: Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО), Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО), Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) және Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) спортпен уақытша қош айтысты.

Шыңғысхан мен Димаш Ниязовты шеттету туралы шешімді Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясы шығарған, бірақ Шыңғысханның бокстан шеттету уақыты бүгін аяқталады. Ал Димаштыкі 27 маусымға дейін.

Айдар (27 мамырға дейін) мен Сағадатқа (19 маусымға дейін) қатысты шешімді Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қабылдаған.

Санкцияға Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) сынды атақты боксшылар да ілінген.

Дегемен, аталған шеттетеулердің айтарлықтай зияны жоқ. Олар медициналық тұрғыда берілген, яғни спортшылар жуырда болған жекпе-жектерінен тынығуы керек.

ДереккөзSports.kz