Басты бет Жаңалықтар Павлодарда IT мамандар дайындайтын орталық ашылды

Павлодарда IT мамандар дайындайтын орталық ашылды

Павлодар қаласында алғашқы ІТ-орталық ашылды.

©inform.kz

Еуразия Инновациялық университетінде басталған жоба жұмыссыз жүрген және жеке кәсібі бар азаматтарды ІТ мамандығына оқытады. Оның ашылуына «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетіп отыр.

Қазір Павлодар облысында үш пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Олар – ІТ мамандарды даярлау, мектептерде ІТ-сыныптарын ашу және кітапханаларды жаңғырту.

Оқуға келіп түскен 44 өтініштің 50 пайызы – ауыл жастары.

«Біз осы сыныптар негізінде жұмысқа орналастыру мақсатын қойып отырмыз. Жұмыспен қамту, еңбек нарығында сұраныс тудыру – ол біздің ең маңызды бағыттарымыз. Нақты осы тұста Партия мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенділігі және бақылауы қажет деп есептеймін»,-дейді Илья Теренченко, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version