Басты бет Жаңалықтар «Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет — Нұрсұлтан Назарбаев

«Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет — Нұрсұлтан Назарбаев

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жағдайдағы әлемнің дамуы партия алдына да зор мақсаттар жүктейтіндігін баса айтты.

©Egemen.kz

Мемлекет басшысы елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына «Нұр Отан» партиясы зор үлес қосқанын атап өтті.

«Дегенмен, бізде тоқтауға болмайды. Өздеріңіз де білесіздер, биыл біз экономиканы, саясатты, біздің қоғамымыздың рухани саласын жаңғыртуға кірістік. Жаңғырту еш уақытта да оңай болмайды. Ол айтарлықтай қарсылықтарды туындатуы мүмкін. «Нұр Отан» партиясының рөлі ең алдымен жаңғырту бағдарын саяси қолдаудың тетіктерін құруда», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы партияның парламенттік сайлаулардан лайықты деңгейде өтіп, шын мәнінде Қазақстанның басты саяси күші құқығына ие болғанын еске салды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version