Басты бет Басты Қай өңірлерде 10 сотық жерді тегін алуға болады?

Қай өңірлерде 10 сотық жерді тегін алуға болады?

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді беру тәртібі туралы түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында ведомство өкілдері қазіргі уақытта тегін жер алу кезегінде 1 миллион 129 мың қазақстандықтың тұрғанын хабарлады.

Максим Рожин

Тізімде алматылықтар көп екен — 112 546, Астанада — 101 234, Ақтөбе облысы — 129 445, Алматы облысы — 84 540, Ақмола облысы — 100 832, ОҚО — 139 807.

Министрліктегілер Қазақстан азаматтарының 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар екенін еске салды. Алайда жергілікті атқарушы органдар коммуникация жүргізілген жағдайда ғана береді екен.

Елімізде бұл норма қабылданғалы бері жеке тұрғын үй құрылысы жерлерін алуға 1 547 141 өтініш түсіпті. 2005 жылдан бастап қазақстандықтарға 417 949 жер учаскесі берілді: ОҚО — 81 190, Ақмола облысы — 40 147, Алматы облысы — 59 169, Маңғыстау облысы — 43 276. Астана мен Алматыда 10 жыл ішінде халыққа 1447 және 26 444 жер учаскесі беріліпті.

«Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін тегін жер учаскелерін алу үшін азаматтың басында мемлекет тарапынан берілген жер учаскесі болмауы керек», — деп хабарлады ҚР ҰЭМ өкілдері.

Сонымен қатар, биыл Ақтөбе облысында 7391 жер учаскесі беріледі, Алматы облысында — 11 511, Батыс Қазақстан облысы — 1748, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Шығыс Қазақстан облысы. Алматы мен Астана қалаларында, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарында жеке тұрғын үй құрылысына жер беру жоспарланып отырған жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, азаматтардың жер алу туралы өтінішін жергілікті атқарушы орган алаң мен территория бос болған жағдайда қанағаттандырады. «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелері су және электр желілерімен қамтамасыз етілген жерлерде беріледі. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген елді мекендерде жер учаскелері электр желілері бар болған жағдайда ғана беріледі», — деді Ұлттық экономика министрлігіндегілер.

3 пікір

  1. мен коп балалы толык отбасымын. турмыс курганыма 9жыл болды.4балам бар. 9жылдан бери патер жалдап турамыз. куйеуимнин тапканы патерден тамагымыздан артвлмайды. Бизге кометесиниздерши. Тегин жер берилип жатыр ма, жай соз куйнде айтылып жатыр ма?Берилип жатса кандай кужат керек. Сосын канша уакытта бериледи.Отиниш толык жауап бериниздерши

  2. Халыққа мына аумақтан сендерге тегін жер береміз десін, бірақ сол аймаққа инфрақұрылымды өздерің тартып алыңдар десе халық “қуана келісер еді” деп ойлаймын. Жер сатып алуға кететін ақшаға зор қылып инфрақұрылым, одан қалған ақшаға мектеп пен бала бақшасын салып алар еді

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version