22-24 мамырға ауа райы болжамы

«Қазақстанның ауа райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал етеді, осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жаууы мүмкін», — делінген синоптиктердің болжамында.

Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батысында — 4-6 градус жылы болады.

Атырау облысында 21-22 мамыр аралығында күннің 37 градусқа дейін ыстық болуына байланысты ескерту жарияланды.

Дереккөзkazinform.kz